Саусақтардың жансыздануы
Рейно синдромында кездесетін саусақтардың жансызданып, бозаруы, салқындауы жүйелі склеродермияның; жүйелі қызыл жегінің, ревматоидты артриттің белгілері болуы мүмкін. Рейно синдромы – қол басы саусақ артерияларының симметриялық пароксизмальды спазмы, сирек аяқтарда саусақ – терісінің түсінің өзгеруімен (бозаруы, көгеру, қызару) және ауырсынуды сезінумен көрінуі мүмкін.
Рейно синдромының себептері :
дәнекер тіннің аурулары: ЖҚЖ, жүйелі склеродермия, ревматоидты артрит, полимиозит.
кәсіптік аурулар – вибрациялық ауру
дәрілік заттардың әсері – β – адреноблокаторлар, пероральды контрацептивтер, эрготамин.
сонымен қатар тұқымқуалаушылық тромбофилиялар (біріншілік антифосфолипидті синдром)
Көптеген ревматоидты ауруларда буындардың зақымдануынан
болатын шағымнан бөлек науқаста жалпы шағымдар болады (дене
қызуының жоғарылауы, тершеңдік, жалпы әлсіздік, шаршау, дене салмағының төмендеуі)
ЖҚЖ-да кеуде клеткасының ауырсынуы:полисерозит- плевритте (бұндай ауырсынулар тыныс алу кезінде күшейеді) және перикардитте кездеседі.
Бұлшық еттердегі ауырсыну (миалгиялар) қозғалыс кезінде күшейеді.
Бұлшық еттердегі әлсіздік – полимиозитке тән. Науқас қарапайым қозғалыстарды орындай алмайды.
Көздің әр түрлі зақымдануы. Офтальмологиялық тексеріс барысында увеиттің, иридоциклиттің, сонымен қатар конъюктивит, склерит және эписклериттің белгілері анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |