Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


МНО (международное нормализованное отношение)



бет326/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

3.МНО (международное нормализованное отношение) – науқастың тромбиндік уақытының қалыпты плазманың тромбиндік уақытына қатынасы. Дені сау адамдарда 0,8-1,2-ге тең.
Көп жағдайда МНО –ны тікелей емес антикоагулянттармен емдегенде бақылау үшін қолданады.
3-ші кезеңді бағалау тестісі
1. Фибриногеннің құрамы (қалыптыда 2-4г/л немесе 5,8-11,6 мкмоль/л)
4-ші кезеңді бағалау үшін қолданылады
1. Спонтанды фибринолиз ( қалыптыда 20% )
2. Қан ұйындысының ретракциясы (қалыптыда 60-75%)


4. Қан түзуші ағзалардың пункциондық зерттеу әдістері:
1. Стерналды пункция- (1928ж М.И. Аринкин ұсынған) арнайы инемен (Кассирский инесі) жүргізіледі. Жергілікті анестезиядан кейін алдыңғы пластинкадан II-III қабырға аралықта төсті теседі.
Зерттеу үшін сүйек миы пунктатынан 1-2 мл алып, микроскоп астында барлық жасушалық элементтерді санайды.
2. Трепанобиопсия: арнайы инемен жүргізіледі. Мықын сүйегі жотасына енгізіп сүйек миы тінін алады. Препаратта перифериялық қан болмағандықтан бұл нақты әдіс болып табылады.
3. Гистологиялық зерттеумен бірге лимфа түйінінің пункциясы. Лимфатүйіндерінің кішкене бөлігін хирургиялық жолмен де алып, гистологиялық зерттеуге болады.
4. Көкбауырдың пункциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет