Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет322/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Көк бауырдың пальпациясы
Көк бауырдың пальпациясы бауыр пальпациясына ұқсас. Алдымен науқас арқасымен кушеткаға жатқан қалпында, содан соң оң жақ бүйірге жатқан қалпында жасайды.
Науқас оң жақ қырынан жатады. Сол аяғы тізе және жамбас буынында, ал сол қолы шынтақ буынында бүгілген. Медицина қызметкері науқастың оң жағында науқастың бетіне қарап орындықта отырады. Көк бауырға пальпация бимануалды жүргізіледі. Алдымен сол қолды сол жақ қабырға доғасына алақанымен қойып, дем алу кезінде кеуде клеткасының қозғалысын шектейді және диафрагма мен көкбауырдың төменге қарай қозғалысын күшейтеді. Оң қолдың 2-5 саусақтарын перкуссия арқылы анықталған, көк бауырдың орналасқан орнынан 3 см төмен орналастырады. Науқас демді шығарғанда саусақтармен кіндікке қарай тері қатпарын жасайды, содан соң сол жақ қабырға доғасының астына терең енгізеді. Науқастан терең дем алуын сұрап, сол қолмен қабырға доғасын қаттырақ басып, көкбауырға терең жылжымалы пальпация жүргізіледі. Егер көк бауыр үлкейсе, пальпацияда анықталады. Пальпация арқылы көк бауырдың орналасқан орнын, консистенциясын, формасын, ауырсынуды анықтайды.
Дені сау адамдарда пальпацияда көк бауыр анықталмайды, өйткені қабырға доғасынан 3-4см жоғары орналасқан.
Көкбауырдың үлкеюі (спленомегалия) гепатитте, бауыр циррозында, холангиттерде, малярияда, лейкоздарда, гемолитикалық анемияда, көк бауыр венасының тромбозында байқалады.
Жедел инфекциялық ауруларда, мысалы іш сүзегінде немесе көкбауыр жедел қанға толып қалғанда консистенциясы жұмсақ , ал созылмалы ауруларында тығыз болады. Пальпацияда көбінесе ауырсынбайды беті тегіс болады. Көк бауырдың жарақатында немесе тромбоэмболиялық үрдістерде науқас ауырсынуды сезеді.
К
өк бауырдың пальпациясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет