КӨКБАУЫРДЫҢ ПЕРКУССИЯСЫ Перкуссия арқылы көкбауырдың орналасқан орынын және өлшемдерін анықтайды. Перкуссияда басты 4 нүкте анықталады. 1- алдыңғы, 2 – артқы, 3-жоғарғы, 4 – төменгі.
Алдымен 3-ші нүкте сол жақта 3-4-ші қабырға аралықта, қолтық орта сызығы бойынша ( L. axillaris media sinistra) жоғарыдан төмен, анық өкпелік дыбыстан тынық дыбысқа қарай анықталады. Дені сау адамдарда көкбауырдың жоғары шегі IX қабырғаның төменгі қырына, төменгі (4-ші нүкте) – XI қабырғаның төменгі қырына сәйкес келеді. 4-ші нүктені анықтау үшін де сол жақ қолтық орта сызығымен төменнен мықын сүйегі қырынан жоғары қарай тынық дыбысқа дейін жүргізеді. 3-ші және 4-ші нүктенің аралығында көкбауырдың диаметрі 4-6см тең. Әрі қарай көк бауырдың алдыңғы шегін анықтайды (1-ші нүкте), ол үшін плессиметр саусақты X қабырғаға перпендикуляр орналастырады. Кіндіктен X қабырғаға тынық дыбысқа дейін жүргізеді. Қалыпты жағдайда 1-ші нүкте қолтық алды сызығынан 2см сыртқа қарай орналасады. 2-ші нүктені де анықтау үшін плессиметр саусақты жауырын сызығы аймағынан X қабырғаға перпендикуляр орналастырады. Перкуссия X қабырғадан көкбауырға қарай тынық дыбысқа дейін жүргізіледі.
Дені сау адамда 2-ші нүкте қолтық артқы сызығы бойынша жүргізіледі. 1-ші және 2-ші нүктенің аралығы (көкбауырдың ұзындық өлшемі) 6 – 8см құрайды.