Нормохромдық- эритроциттердің боялу интенсивтілігі мен ондағы гемоглобин қалыпты болады.
Гипохромдық –эритроциттердің боялу интенсивтілігінің және түстік көрсеткіштің төмендеуі өте жиі микроцитозбен қатар жүреді.
Гиперхромдық– эритроциттердің және түстік көрсеткіштің боялу интенсивтілігінің және эритроциттердің гемоглобинмен қанығуының жоғарылауы. Гиперхромия өте жиі макроцитозбен қатар жүреді.
Эритроциттердің орташа диаметрі қалыпты жағдайда 5,5 тен 8,8 мкм аралығында өзгеріп отырады.
Гемоглобин қалыпты жағдайда әйелдерде 120-140г/л, ерлерде-130-160г/л.
Лейкоциттердің жалпы саны қалыптыда 4-9х109 л. Лейкопения- лейкоциттер санының 4х109л-ден төмендеуі. Ол сүйек миының гипоплазиясына және жасушалардың жойылуына да байланысты болады.
Лейкоцитоз- лейкоциттер санының 9х109 л-ден жоғарылап кетуі. Лейкемия-лейкоциттер санының 50-109л-ден жоғарлауы.
Лейкемоидты реакция-лейкоциттер санының 20-50х109л аралығында жоғарлауы.
Лейкоцитарлық формула – лейкоцитарлық қатардың жеке формаларының пайыздық қатынасы. Нейтрофильдер орташа -76% (таяқша ядролы-1,6%, сегмент ядролы-47-72% ) . Нейтрофильдер санының жоғарылауы-әр түрлі қабыну үрдістерінде кездеседі, регенеративті (таяқша ядроға дейін солға ығысуы), және дегенеративті (сегментарлы форманың 80% -ға дейін жоғарлауы) болып бөлінеді.
Эозинофильдер-қалыпты жағдайда 5%-ға дейін болады, оның жоғарлауы әр түрлі аллергоздарда және глистті инвазияларда байқалады. Эозинофильдердің жойылып кетуі әр түрлі айқын улануларда және қабыну үрдістерінде кездеседі. Базофильдер (қалыпты 1% -ға дейін), мөлшері 3 есеге дейін көбеюі мүмкін. Моноциттер қалыптыда 3 пен 11% аралығында. Лимфоциттер -19-37% . Лимфоцитоз-әр түрлі вирустық инфекцияларда, туберкулезде болады. Тромбоциттер-қалыптыда 180 мен 320х109л аралығында.
Тромбоцитопения-әр түрлі аутоиммундық ауруларда болуы мүмкін. Тромбоцитоз (эритремияда, полицитемияда) ісіктерде болады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) Панченков капиллярында саналады. Әйелдер үшін қалыптыда 2-15 мм/сағ, ерлер үшін-2-10 мм/сағ. Әр түрлі инфекциялық, қабыну ауруларында, ісіктерде, қан аздықта т.б. жоғарлайды.
2. Қанның ұюын тексеру .
Қазіргі таңда қан ұюдың төрт фазалық жүйесі дәлелденген.
1-ші кезең – протромбиназаның түзілуі
2-ші кезең – тромбиннің түзілуі
3-ші кезең – фибриннің түзілуі
4-ші кезең – посткоагуляциялық
Қан ұюдың 1-ші кезеңін бағалау үшін ең ақпаратты лабораторлық тесттер мыналар:
1. Ли-Уайт бойынша қан ұю уақыты
- силикондалмаған пробиркада- 5-10 мин
- силикондалған пробиркада – 14-20 мин.
2. Қан кету уақыты
- Дюко бойынша -1-4 мин.
- Айва бойынша -1-7 мин.
АЧТВ тестісі (антивированное частичное тромбиновое время) – қалыптыда 35-45 секунд.
1-ші кезеңнің ұюын бағалау үшін ең ақпаратты тест болып табылады.
Ұюдың 2-ші кезеңін бағалауға арналған тесттер.
1. Протромбиндік индекс қалыптыда-0,8-1,0
2. Протромбиннің құрамы қалыптыда 1,4-2,1 мкмоль/л.