Д Ә
Р І С
№1
1.1 Негізгі ұғымдар. Қазіргі кездегі автоматтандырылған электр
жетегінің құрамы мен құрылысы
Қазіргі
кездегі
машиналық құрылғы, немесе, кейбірде ол басқаша,
өндірістік
агрегат деп те аталады, әртүрлі жұмыстарды атқаратын көптеген
әртүрлі
бөлшектерден, жеке машиналар мен аппараттардан тұрады. Бұлардың
бәрінің жиынтығы, белгілі бір өндірістік үрдісті қамтамасыз етуге бағытталған
жұмысты атқарады. Машиналық құрылғы
құрайтын әрбір элементтің
қызыметін
жақсы білу керек, себебі оларды білмей машинаны жобалау және
жасау мүмкін емес, сондай
-
ақ оларды пайдаланған кезде дұрыс жұмыс істету
мүмкін болмайды.
Барлық
дамыған
машиналардың
жиынтығы
айтарлықтай
айырмашылықта болатын үш бөліктен тұрады: қозғалтқыш
-
машина, беретін
механизм, соңында, құрал
-
машина немесе жұмыстық машина.
Бірінші екі элементтің міндеті: басқару жүйесі бар қозғалтқыштың және
беруші механизімнің жұмысы орындаушы механизмге қозғалыс беру болады.
Демек, машиналық құрылғының бірінші және екінші бөліктері
жұмыстық машинаға қозғалыс
беру үшін жұмыс істейді. Сондықтан оларды
«жетек» деген ортақ атаумен біріктіреді.
Электр жетегі
деп, электр энергиясын механикалық энергияға
түрлендіретін және
электрлік басқаруды қамтамасыз
ететін механикалық
қондырғыны
атайды.
Электр жетегі негізгі екі бөліктен тұрады:
1)
күштік бөлік, оған электр
қозғалтқышы
мен механикалық энергияны беру үшін арналған құрылғылар
кіреді; 2) басқару жүйесі, оған бұйрық беруші оргындар және электр жетегінің
қасиеттерін
қалыптастырушы қондырғылар мен қорғаушы құралдар жатады.
Электр жетегі көптеген жағдайда қондырғыларды басқару икемділігін
өсіру
үшін, сондай
-
ақ жетектің сипаттамаларына қажетті түр беру үшін
арналған электр түрлендіргіштерінен тұрады.
Электр жетегінің негізгі міндеті
–
жұмыстық
механизімді қозғалысқа
келтіру. Дегенмен осы кездегі автоматты басқару жүйесі бар
автоматтандырылған электр жетегі, технологиялық үрдістерді тиімді
жүргізуді қамтамасыз етіп одан да көп міндеттерді атқарады. Электр жетегін
автоматты басқарған кезде механизімдердің жоғары өнім
беруіне және
шығарылатын өнімдердің сапасын өсіруге қол жеткізуге болады.
Өндірісте
қолданылатын әр түрлі электр
жетектерінің даму тарихын
ескере отырып оларды негізгі үш түрге бөлуге болады, олар: топталған, дара
және көп қозғалтқышты элекғтр жетектері.
Топталған электр жетегі деп, онда бір электр қозғалтқышынан бір
немесе бірнеше трансмиссияның көмегімен жұмыстық машиналар тобы
қозғалысқа
келтірілетін жетекті атайды.
Мұндай жетекті кей
-
кезде
трансмиссиялық жетек деп те атайды.
Дараланған электр жетегі деп, бір электр қозғалтқышының көмегімен
жеке машинаны қозғалысқа келтіретін жетекті атайды.
Көп қозғалтқышты электр жетегі деп, олардың әрбіреуі өндірістік
агрегаттың жұмыстық элементтерін қозғалысқа келтіру үшін арналған
бірнеше дара электр жетектерінен тұратын
жетекті атайды.
Сонымен электр жетегінде екі канал болады
–
күштік және ақпараттық
(1.1 сурет). Біріншісімен түрлендірілетін энергия тасымалданады (1.1 суретте
үлкен
стрелка), ал екіншісімен
энергия ағынын басқару, сондай
-
ақ жүйенің
жағдайы мен жұмысы, оның бұзылуын жорамалдау жөнінде мағлұмат жинау
және өңдеу іске асырылады (1.1 суретте жіңішке стрелка).
Өз
кезегінде күштік канал екі бөліктен тұрады
–
электрлік пен
механикалық және міндетті түрде байланыстырушы звено
–
электр
механикалық түрлендіргіштен тұрады.
Күштік каналдың электрлік бөлігіне электр
энергиясын қорек көзінен
электр механикалық түрлендіргішке ЭМТ беретін және қажет болса, кері
қарай
электр энергиясын түрлендіруді іске асыратын құрылғылар кіреді.
1.1 сурет
–
Электр жетегінің жалпы құрылысы
Механикалық бөлік ,механикалық энергия беретін электр механикалық
түрлендіргіштен және механикалық энергияны пайдаланатын қондырғының
орындаушы бөлігінен тұрады.
Электр жетегі бір жағынан электрмен жабдықтау жүйесімен немесе
электр энергиясы көзімен, екінші жағынан
технологиялық қондырғымен
немесе машинамен, және ақыр аяғында, үшінші жағынан ақпараттық
түрлендіргіш АТ арқылы өте жоғары деңгейдегі ақпараттық жүйемен, көбісіне
оператор адаммен өзара әрекеттеседі (1.1 сурет).
Іс жүзінде механикалық энергиямен, қозғалыспен байланысты барлық
үрдістер, электр жетегімен іске асырылады. Бұған кірмейтіндер тек автономды
көліктер, яғни электрлік емес қозғалтқыштарды пайдаланатындар
(автомобильдер, ұшақтар, кейбір поездар, кемелер).