Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет34/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Көзді және қабақты қарау
Қабақтың ісінуі жедел нефриттің алғашқы белгілерінің бірі, сонымен қатар анемия кездерінде де болады. Одан кейін түсіне мән береді. Қара түсті қабақ – жайылмалы уытты жемсауда, Аддисон ауруында кездеседі. Ксантомалардың болуы холестерин алмасуының бұзылысын көрсетеді. Көз саңылауының жабылмауы, ұлғаюы – бет нервісінің зақымдалуында болады. Көз саңылауының тарылуы – микседемада. Бақшан көз – тиреотоксикозда, ретробульбарлы ісіктерде кездеседі. Көз қарашығының тарылуы – миоз. Бұл жағдайлар уремияда, бас ми ісігінде, морфин препаратымен уланғанда. Көз қарашығының ұлғаюы – мидриаз – коматозды жағдайларда, уремиялық комада, атропинмен уланғанда кездеседі. Қылилық көз бұлшық еттерінің салдануында кездеседі. Бұл салданулар: ботулизм, менингитте, энцефалитте, бас миына қан құйылуда кездеседі.


Мұрынды қарау
Мұрынның ұлғайы акромегалияда кездеседі. Оның формасының өзгеруі риносклерома. Жұмсақ тіндерінің деформациясы жүйелі қызыл жегіде кездеседі.
Ерінін қарау
Оның формасына (ерін ұшының симметриялығына, үнемі ашылған ауыз), түсіне, көпіршіктердің шығуына( герпес кезінде), сызаттардың болуына мән беру керек. Сонымен қатар ауыз қуысының шырышты қабатына мән беріледі. Қызыл иектің айқын өзгерісі жедел лейкозда, қант диабетінде, интоксикациялар кезінде болады. Тістерін қарау барысында олардың бүтіндігіне, саулығына көніл бөлу керек. Өйткені көптеген тістерінің жоқтығы әртүрлі этиологиялы асқорыту жолдарының ауруларына алып келеді. Тілдің қозғалысының өзгерісі жүйке жүйесінің аурулары кезінде, интоксикацияларда, ауыр инфекциялар кезінде болады. Тілдің шеттен тыс ұлғаюя микседема, акромегалияда, сирек глосситте кездеседі. Көптеген аурулар кезінде тіл өзіндік ерекшелікке ие болады: 1) таза, ылғалды, қызыл тіл – жара ауруларында; 2) «құлпынай» түсті – скарлатинада; 3) құрғақ, тілінген, қара түсті жабындымен жабылған тіл – ауыр интоксикациялар мен инфекцияларда кездеседі; 4) емізікшілері жойылған, тегіс тіл – Аддисон – Бирмер ауруында ( В12 витамині және фолий қышқылы тапшылығы) кезінде кездеседі. 5) жергілікті тілдің қалыңдауы – лейкоплакия(қатерлі ісік алды жағдайы) –темекі көп шегетін адамда кездеседі.
Мойын аймағы
Мойындағы ұйқы артериясының пульсациясына мән беру керек. Бұл қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігін, тиреотоксикозды анықтауға мүмкіндік береді. Лимфа түйіндерінің ұлғаюын (туберкулез, лимфолейкоз, қатерлі ісіктердің метастазын )анықтау. Қалқанша бездерінің жайылмалы немесе жергілікті ұлғаюына мән беріледі( тиреотоксикоз, қарапайым жемсау, қатерлі ісігін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет