Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Плевралық пункцияны жасау техникасы



бет78/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Плевралық пункцияны жасау техникасы
Мақсаты: диагностикалық және емдік.
Көрсетпе: экссудативті плеврит.
Жабдықтау: зарарсыздандырылған ұзындығы 7-10см, диаметрі 1мм анестезия жасауға арналған шприцтер мен инелер, пинцеттер 2 дана, қысқыш, 0,25% - 0,5% новокаин, зарарсыздандырылған пробиркалар, 96% спирт, құрамында йод бар антисептиктер (1% йодонат, 1% йодопирин), зарарсыздандырылған таңу заттар (шариктер, пленкалар, салфеткалар), лоток 2 дана, жабыстырғыш, зарарсыздандырылған резеңке қолғаптар.
Осы іс-әрекетке байланысты дамитын проблемалар:
1. процедурадан қорқу.
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті:
1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету, керектігін
түсіндіріп және оның қауіпсіздігін айтып психологиялық дайындық
жүргізіңіз және өту барысын түсіндіріңіз.
2. манипуляцияға 15-20 минут қалғанда дәрігердің нұсқауы бойынша тері
астына сульфокамфор қышқылына прокаин қосып (сульфокамфокаин)
немесе никетамид ерітіндісін енгізіңіз.
3. науқасты беліне дейін шешіндіріп, бетін орындықтың арқасына қаратып
отырғызыңыз, бір қолын орындықтың арқасына, пункция жасайтын
жақтағы қолын пациент басына немесе иығына қойыңыз.
4. пациентті пункция жасайтын қарама-қарсы жағына қисаюына сұраңыз.
5. Қолыңызды сабындап жуыңыз және дезинфекциялық ерітіндісімен
өңдеңіз.
6. зарарсыздандырылған маска, халат, қолғап киіңіз.
7. пункция орнын (жиі 7-8 қабырға аралығы жауырын немесе артқы қолтық сызық бойымен) әуелі йодтың 5%-тық ерітіндісімен, сосын 70% спиртпен және қайтадан йодпен өңдеңіз.
8. пункция орнына 0,25% - 0,5% новокаинмен немесе прокаиннің 0,25%
ерітіндісімен анестезия жасаңыз.
9. пункция дәрігер перкуторлық дыбыстың максималды тұйық аймағында жүргізеді; пункцияны төмен орналасқан қабырғаның жоғарғы шетімен жасайды, өйткені қабырғаның төменгі шетінен тамыр-жүйке талшықтар орналасады, сондықтан қабырғааралық тамырлар зақымдалуы мүмкін.
10. 7-10см шетінде канюлясы бар резеңке түтікпен жалғанған және қысқышпен қысылған инемен қабырғаның жоғарғы шетімен дәрігер теседі, иненің плевралдық қуысқа кіргені қуысқа кірген боп сезіледі.
11. резеңке трубкадағы канюланы 20 мл шприцпен жалғап және қысқышты трубкадан алып, тез арада плевра қуысынан сұйықтықты алады.
12. шприцті толтырған кезде, шприцті айырар алдында резеңке трубканы қысқышпен қысыңыз.
13. шприцтің ішіндегі сұйықты алып, зарарсыздандырылған пробиркаға немесе лотокқа құйыңыз.
14. шприцті резеңке түтікпен жалғап және қысқышты алып, сұйықтықты соруды жалғастырыңыз.
15. пункция жасаудың соңында және ине алған соң пункция орнын
құрамында йоды бар препаратпен өңденіз. Зарарсыздандырылған дәке
шарикпен немесе салфеткамен жауып, пластырь жапсырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет