СТАНДАРТ
Асқазан сөлін зерттеу.
Мақсаты: диагностикалық: асқазанның құрамын,секрециясын, қышқылдығын және қозғалғыш функциясын тексеру.
Қолданылуы: созылмалы гастритте, қышқылдылығы жоғары және төмен гастриттерде қолданылады.
Қарсы көрсетілімі: өңештен және асқазаннан қан кеткенде, өңеш тарылуында, асқазан ойық жарасының жоғарғы сатысында, партальдық гипертензияда, стенокардия, бронхиальды астмада, гипертония, жүктіліктің екінші жартысында, пациенттің жалпы ауыр жағдайында.
Әзірле: Стерильді бір реттік жіңішке асқазан зонды, таза бүйрек тәрізді лоток, асқазан сөлін жинау үшін 0-8ыдыс(таңбаланған пробиркалар немесе банкалар) қажет, 20мл көлеміндегі пістектер, қысқыш, сүлгі, қолғап, клеенка алжапқыш, салфетка, парентералды жолмен -0,1%гистамин немесе 0,25% пентагастрин ерітінділері, зертханалық жолдамаға аты-жөнін, бөлімшесін, палатасын, тексерген күнін, алынған порция нөмерін жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |