Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Бактериологилық зерттеуге тік ішектен нәжіс алу



бет85/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Бактериологилық зерттеуге тік ішектен нәжіс алу
Мақсаты: диагностикалық: ішектегі жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.
Қолдануы: Ішектің микрофлорасын зерттеу. Жедел ішек инфекциясы.
Әзірле: мақта-дәке тампонымен нығыздалып жабылатын, метал таяқшасы бар стерильді пробирка, резеңке қолғап, бетперде, жолдама, клеенка, стеклограф, штатив, тасымалдауға арналған контейнер немесе бикс, КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын, нәтижесін алу уақытын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз, халат, бетперде, қолғап киіңіз.

  3. Жолдама жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдаманың нөміріндей сәйкес қылып пробиркаға стеклографпен нөмір жазыңыз.

  5. Пробирканы штативке орналастырыңыз.

  6. Науқасты сол жақ қырына жатқызыңыз, аяғын бүктіріңіз.

  7. Оң қолыңызбен пробиркадағы ректальді таяқшаны алыңыз.

  8. Сол қолдың І және ІІ саусағымен жамбасын ашыңыз, оң қолыңызбен анал тесігінен тік ішекке қарай таяқшаны айналдыра отырып, алдымен кіндікке қарай 3-4 см, содан кейін омыртқаға қатарластырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

  9. Материалды тік ішектің қабырғасынан айналдыра отырып алыңыз, содан кейін тік ішектен ақырындап шығарып алыңыз.

10.Ректальді таяқшаны стерильді пробирканың шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне тигізбей салыңыз және пробиркада қалдырыңыз.
11. Жолдаманы пробиркаға қыстырыңыз.
12. Пробирканы штативке, штативті бикске орналастырыңыз.
13. Бикстің «кілтін» жабыңыз.
14.Қолғапты, бетпердені шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз.
15.Бикстегі алынған материалды жолдамамен бірге бактериологиялық зертханаға 2 сағат ішінде жеткізіңіз
Ескерту!

  • зертханаға жеткізгенге дейін материалды тоңазытқышта -40-60С температурада сақтайды;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет