СТАНДАРТ
Бактериологилық зерттеуге «ашық нәжістен» қоректік ортасы бар Петри ыдысына нәжіс алу
Мақсаты: диагностикалық: ішектегі жұқпалы аурудың қоздырғышын
анықтау.
Қолдануы: Ішектің микрофлорасын зерттеу. Жедел ішек инфекциясы.
Әзірле: қоректік ортасы бар Петри ыдысы, стерильді пробиркадағы
стерильденген ректальды таяқша; нәжіс жинауға арналған судно немесе горшок, резеңке қолғап, бетперде, жолдама, стеклограф, бикс, КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын, нәтижесін алу уақытын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз, халат, бетперде, қолғап киіңіз.
Жолдама жазып, журналға тіркеңіз.
Жолдаманың нөміріндей сәйкес қылып, қоректік ортасы бар Петри ыдысына стеклографпен нөмір жазыңыз.
Науқасты горшокқа отырғызыңыз немесе судно беріңіз.
Оң қолыңызбен пробиркадағы ректальді таяқшаны алыңыз.
«Ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжісті стерильденген ректальді таяқшамен 3-5 жерінен алыңыз.
Петри ыдысының қақпағын жартылай ашыңыз.
Петри ыдысындағы қоректік ортаның бетіне мына түрде себіңіз: ректальді таяқшадағы нәжісті бірқалыпты қоректік ортаның бетіне 1,5-2 см болатындай етіп «алаң» тәрізді жағыңыз (қоректік ортаны жырып алмай).
10. «Алаңды» қоректік ортаның барлық бетіне стерильденген ректальді таяқшамен жиі параллельді штрих тәрізді жағыңыз, Петри ыдысының қақпағын жабыңыз.
11. Петри ыдысын 370 температурадағы термостатқа салыңыз.
Бикстің «кілтін» жабыңыз.
13.Қолғапты, бетпердені шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз.
14.Бикстегі алынған материалды жолдамамен бірге бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.
Ескерту!
нәжісті жинау әртүрлі әдіспен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, жаялықтан, сонымен қатар таяқша арқылы тік ішектен.
себуге нәжістегі іріңді, кілегейлі, фибринозды жамылғы бар жерлерін алады;
зертханаға жеткізгенге дейін материалды тоңазытқышта -40-60С температурада сақтайды;
Нәжісті жинау антибиотиктер мен сульфаниламидтермен емдеуден бұрын жүргізіледі.
СТАНДАРТ
Достарыңызбен бөлісу: |