Реакция энтальпиясының эксперименттік өзгеруін аныықтау және анықтамалық деректер негізінде есеп жүргізу;
Химиялық термодинамика
Физикалық химияның химиядағы термодинамикалық құбылыстарды (химиялық реакция, фазалық ауысулар (еру, булану, кристалдану, т.б.), сонымен қатар заттардың термодинамикалық қасиеттерінің олардың құрамы мен агрегаттық күйіне тәуелділігін қарастыратын саласы.
Энергияның сақталу заңы (термодинамиканың бірінші заңы) – энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалыпта кетпейді тек бір түрден екінші түрге ауысады.
Энергия Кинетикалық Потенциялдық Ішкі
Химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар нәтижесінде бөлінетін заттардың жасырын энергиясы ішкі энергия деп аталады. U әрпімен белгіленеді.
Энергияның сақталу заңына сәйкес, ішкі энергияның өзгерісі процестің жүру жолына тәуелсіз, тек жүйенің бастапқы және соңғы күйімен анықталады. Дегенмен энергияның қаншасы жұмыс жасауға жұмсалатына қаншасы жылуға айналатыны процесті жүргізу әдісіне байланысты
Заттар үшін белгілі бір процесті жүргізу жағдайына байланысты 2 шама енгізілген яғни, тұрақты көлемде жүретін реакцияны ішкі энергиямен (U), ал тұрақты қысымда жүретін реакцияны – энтальпиямен (Н) сипаттайды. Жұйенің энтальпиясы термодинамикалық жүйенің күйін сипаттайтын энтропия S, қысым р және ішкі энергиямен U байланысты.
Энтальпия – тұрақты қысымда жылуға айналдыруға болатын энергия
Энтальпияның өлшем бірлігі энергия сияқы кДж. Оның шамасы зат мөлшеріне пропорционал, сондықтан кДж ·моль-1 мен өлшенеді. Сонымен химиялық реакция мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу энтальпия деп аталады.
Жылу эффектісін калориметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Химиялық реакцияны реагенттердің белгілі бір массасымен жүргізеді.
Энтальпияның стандартты күйі ∆Н0, түзілу энтальпиясы деп белгіленеді.