Орталық процессор (ОП) немесе орталық процесорлық құрылғы (ОПУ) (ағылш. central processing unit — CPU).Микропроцессор – дербес компьютердің негізгі микросхемасы. Барлық негізгі есептеулер осы микросхемада орындалады.
Алғашқы пайда болған компьютерлердің микросхемалары өте үлкен агрегаттар болатын. Олар тұтас бір шкафтарды, тіпті бөлмелерді алып жататын.
70-жылдардың басында пайда болған өте күрделі технологияның арқасында орталық процессордың құрамына енетін барлық компоненттерді жартылай өткізгіш құрылғының ішіне сыйғызу мүмкін болды. Оларды үлкен және аса үлкен интегралды схемалар (ҮИС және АҮИС) деп атады.
Үлкен интегралды схема деген сөз тіркесі микросхеманың өлшеміне қатысты айтылмаған. Керісінше үлкен интегралды схема деп өлшемі 20х20 мм-ге жуық кішкене жалпақ пластинаны айтады. Үлкен интегралды схема деп оны құрайтын элементтердің саны өте үлкен болғандықтан айтылады.
Қазіргі заманғы жоғарғы технологиялар үлкен интегралды схемада миллиондаған функционалды элементтерді орналастыруға мүмкіндік береді. Олардың өлшемі 0,13 микрон (1 микрон = 10-6м) шамасында.
Мысалға кэш-жады 4 МБ Intel Core 2 Duo процессорында олардың саны 291 миллионға жетеді.