Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді уақытша сақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады.
Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді
Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады.
Процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадтың ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады