Ішкі тәртіп ережелері


Колледж студенттері құқылы



бет3/4
Дата13.09.2023
өлшемі94,26 Kb.
#180960
1   2   3   4
Байланысты:
Студенттің ішкі тәртіп ережелері

2.8. Колледж студенттері құқылы:

  • мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес және қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес ғылым мен технологиялар бойынша білім алуға;

  • қосымша білім беру қызметтерін алуға;

  • колледж жүзеге асырып отыратын ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметтерге, педагогикалық қызметкерлердің басшылығымен жүзеге асырылып отыратын ғылыми үйірмелерге, спорт секцияларына қатысуға;

  • білім беру процесінің шарттары мен талаптары туралы ақпарат алуға;

  • колледждегі білім беру қызметін ұйымдастыруды реттеп, жүзеге асыратын құжаттармен және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Жарғымен, білім беру қызметін жүзеге асыру лицензиясымен және т. б танысуға;

  • өз білімін, іскерлігін және дағдыларын бағалау, сондай-ақ осы бағалау критерийлері туралы толық ақпарат алуға;

  • колледждің оқу жоспарында қарастырылмаған іс-шараларға еркін қатысуға;

- оқуын жалғастыруға және қайтадан қабылдануға (басқа оқу орындарынан шығып келген
жағдайда);

  • өз таңдауы бойынша басқа оқу түріне немесе басқа оқу орнына ауысуға;

  • өзін-өзі басқару органдары арқылы колледж қызметінің маңызды мәселелерін талқылап, шешім қабылдауына қатысуға;

  • колледждің локалды нормативтік актілерімен белгіленген тәртіп бойынша кітапханалар мен ақпараттық ресурстарды, оқу орындары мен басқа да бөлімшелерінің қызметтерін тегін пайдалануға;

  • колледждің қоғамдық жұмысына белсенді қатысуы және оқу, спорттық, ғылыми, шығармашылық және инновациялық қызметтегі табыстары үшін (моральдық немесе материалдық) көтермелеу;

  • білім беру бағдарламасын меңгеруде біліммен еңбекті қоса алып жүруге; - өз еркімен, денсаулық жағдайына, басқа білім беру мекемесіне ауысуына байланысты колледжден шығуға;

  • олардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу, ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, өз көзқарастары мен нанымдарын еркін білдіруге.

3.ОҚУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

    1. Колледжде алты күндік оқу аптасы бекітілген. Сабақтардың басталуы және аяқталу уақыты: - сабақтың басталуы - 8.30. - сабақтың аяқталуы - 18.40.(алтыншы сабақ).

    2. Сабақтар топтық. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін оқу сағатының ұзақтығы 45 минут белгіленеді. Ұзақтығы, академиялық сабақ – 90 минут. Сабақтар арасында 10 минуттық үзіліс қарастырылған.

Түскі үзіліс ("үлкен үзіліс") – 11.40 дейін 12.10. 30 минутты құрайды.

    1. Әр сабақтың басталуы мен аяқталуы қоңырау арқылы хабарландырылады.

Оқу сабақтарының режиміне өзгерту енгізу колледж әкімшілігінің келісімімен рұқсат етіледі.

    1. Колледждегі оқу сабақтары директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі мен оқу бөлімі жасап, директор бекіткен оқу кестесі бойынша жүргізіледі. Қолданыстағы оқу жоспары бойынша жасақталған сабақтар кестесі күнінен кешіктірмей сабақ басталғанға дейін бір апта бұрын ақпараттық тақтаға ілінеді. Студенттердің міндетті оқу сабақтарының жүктемесі МЖМБС және оқу жоспарына сәйкес апталық нормалардан аспауы тиіс. Демалыс ұзақтығын қысқартуға жол берілмейді.

    2. Оқу сабақтары басталғанға дейін және арасындағы үзілістерде әрбір оқытушылар мен зертханашылар қажетті оқу құралдарды, аппаратура, жабдықтар және құрал-саймандарды дайындайды. Барлық оқу кабинеттерінде және зертханаларында сабақ уақытында тазалық пен тәртіпті өзіне-өзі қызмет көрсету негізінде студенттер қамтамасыз етеді.

    3. Белгіленген нысан бойынша әрбір оқу сабақтарында оқу журналы жүргізіледі. Сабақ өткізуге арналған журнал оқу бөлімінде сақталады, оқытушыға сабаққа беріледі, сабақ аяқталғаннан кейін белгіленген орнына қайтарылады.

    4. Сабақ уақытында үзіліске дейін оқу аудиториясына кіруге тыйым салынады. Ерекше жағдайларда аудиторияға кіру құқығын колледж директоры және оның орынбасарлары пайдалана алады. Бөгде адамдар (колледж қызметкерлері емес) сабақтарға колледж директоры немесе оның орынбасары рұқсатымен ғана қатыса алады. Оқу сабағының қалыпты барысы үшін сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын орналасқан үй-жайларға қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі тиіс. Оқу сабақтары кезінде сабақты үзуге, аудиторияға кіруге және аудиториядан шығуға болмайды.

4. ОҚУ САБАҚТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
4.1. Мамандығы бойынша белгіленген мерзімде дәлелсіз себептермен оқу жоспарын орындамағаны, моральдық-этикалық мінез-құлық нормалары тәртібінің бұзылуы, колледж мүлкіне зиян келтіруі, өзге де міндеттерді орындамауы, Жарғымен қарастырылған, ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін, студенттерге тәртіптік жаза қолданылады:

  • ескерту;

  • сөгіс;

  • колледжден шығару.

4.1.1. Әкімшіліктің тарапынан келесі жағдайларда оқудан шығаруға жол берілмейді ауруы, демалыс, академиялық демалыс, жүктілікке және босануға байланысты демалыс кездерінде.

  1. 2.Колледжден оқудан шығару:

4.2.1.Студентті оқудан шығару төмендегі жағдайларда колледж директорының бұйрығымен ресімделеді:
4.2.1.1.- колледжді ерікті қалдыруы:

  • студенттің, ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша;

  • соңғысының келісімімен тиісті деңгейдегі басқа білім беру мекемесіне ауысуына байланысты;

  • денсаулық жағдайына байланысты;

- қайтыс болуына байланысты.
4.2.2. Колледж Жарғысын бұзуына байланысты Педагогикалық Кеңесінің шешімі бойынша оқудан шығарылуы жүргізіледі, атап айтқанда:

  • академиялық үлгермеушілігі;

  • білім беру қызметтерін көрсету барысында шарттың талаптарын бұзғаны үшін;

  • бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны үшін;

  • демалыс аяқталғаннан кейін оқу сабақтарына кіріспегені үшін;

  • студенттің оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен жүйелі түрде қалдырып және себептерін растайтын тиісті құжаттардың болмауына байланысты. Студенттер "академиялық үлгермеушілігі" үшін колледжден шығарылады:

  • белгіленген мерзімге дейін академиялық берешегін жоймағаны үшін;

- емтихандық сессия кезінде үш немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса.
Студенттер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны үшін Колледжден шығарылады:
колледж аумағында және іргелес жерде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін;

  • колледждің әкімшілік және педагогикалық құрамының ар-намысын қорлауы;

  • колледжде алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық қалпында болуы;

  • басқа студенттермен төбелес шығарғаны және басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттері үшін;

  • колледж қызметкерлерінің жұмысына іріткі салып, мемлекеттік мүлікке, колледж, білім алушылардың мүлкіне зиян келтіріп, жарылғыш немесе улы заттарды әкелгені үшін.

4.2.3. Колледждің басқару органының шешімі бойынша келесі жағдайларда оқудан шығаруға жол берілмейді -ауруы, демалыс, академиялық демалыс, жүктілікке және босануға байланысты демалыс кездерінде
4.2.4. қосымша негіздер бойынша оқудан шығарылуы:

  • мерзімді әскери қызметке шақырылуы;

4.2.5. Барлық жағдайларда кәмелетке толмаған студентті оқудан шығару үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының келісімі талап етіледі. Мәселені қарау үшін колледж әкімшілігінен кәмелетке толмаған студент туралы Педагогикалық Кеңесінің шешімі мен студенттің мінездемесінің көшірмесі жіберіледі. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының келісімін алғаннан кейін, колледж директорының бұйрығымен студент оқудан шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет