Ішкі тәртіп ережелері



бет1/4
Дата13.09.2023
өлшемі94,26 Kb.
#180960
  1   2   3   4
Байланысты:
Студенттің ішкі тәртіп ережелері
sabaq-kz attachment mzh.-btn-krsetksht-drezhe-zhne-ony-asietter.., Документ Microsoft Office Word, СОӨЖ1 МДББИ, СӨЖ1 МДББИ, СӨЖ1 МДББИ, 11-12 практикалық сабақ, Қабылдау бөлімінің медициналық құжаттары Презентация, 14-семинар




ЖМ «Мақсат» Орал жоғары медициналық колледжі»
«Бекітілді»
ЖМ «Мақсат» Орал жоғары
медициналық колледжі»
директоры Трушкова М.И. ____
31.08.2023.
Студенттердің ішкі тәртіп
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Орал, 2023 ж.

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Осы ішкі тәртіп Ережесі (бұдан әрі-Ереже) ЖМ "Максат" Орал жоғары медициналық колледжінің (бұдан әрі-Колледж) локалды нормативтік акті болып табылады, қызмет тәртібін, мінез-құлық, өзара іс-қимыл және қарым-қатынас барысында білім алушылардың білім беру үрдісін және өзге де қызметін реттейді.

    2. Бұл Ереже ҚР "Білім туралы" Заңы, "Білім ұйымдарының Типтік қызмет ережелерін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 мамыр 2013 жыл № 499 қауылысымен бекітілген), өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен және колледж Жарғысына сәйкес әзірленді.


  1. КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ 2.1. Колледж білім алушыларына студенттер жатады.

Директордың бұйрығымен ТЖКБ білім беру бағдарламасымен оқуға қабылданған тұлға студент болып табылады.
2.2. Колледж студенттері міндетті:

      1. МЖМБС талаптарына сәйкес мамандығы бойынша терең теориялық білімдер мен практикалық дағдыларын меңгеруге, өз бетімен еңбек қызметін атқаруға дайындалу.

      2. Өздігінен білімдерін толықтыру және оларды іс жүзінде кеңінен пайдалана білу.

      3. Оқу жоспарларына және кәсіби білім беру бағдарламаларына сәйкес белгіленген мерзімде орындауға қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау.

      4. Оқу процесінің кестесіне сәйкес сабақтарына кешікпей қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспаған жағдайда Колледж әкімшілігіне себебін хабарлауға тиісті.

      5. Үнемі өз мәдени деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану, рухани және дене бітімін жетілдіруге ұмтылу.

      6. Сыпайы болуға және басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге.

      7. Сөйлеу және сыртқы мәдениетті сақтауға.

      8. Колледжде және қоғамдағы моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға. Колледж қызметкерлеріне, оқытушыларға, қызмет көрсететін персоналға және келушілерге, сондай-ақ басқа да білім алушыларға құрметпен қарауға. Бұзақылық, нормаға жатпайтын лексиканы пайдалануға жол бермеуге.

      9. Қоғамға қарсы көріністерге жол бермеу. Өз халқының, басқа да ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын құрметтеуге.

      10. Оқытушылардың жеке абыройын сыйлау. Колледждің оқу-тәрбие жұмысының жоспарымен көзделген іс-шараларына қатысу.

      11. Қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға (оқу аудиторияларының кезекшілігіне, сенбіліктерге және т. б.).

      12. Колледж мүлкіне, құрал-жабдықтарына мұқият қарау және сақтау. Белгіленген тәртіпке сәйкес бүлінген және сындырылған жабдықтар мен мүлікті, Колледжге келтірілген шығынды өтеу.

      13. Колледж ішінде, сондай-ақ оған іргелес аумақта тазалық тәртібін сақтау.

      14. Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау.

      15. Колледж Жарғысы, осы Ереже, оқу шарты талаптарын сақтауға.

      16. Кәсіби практика өту кезінде медициналық ұйымдарда және емдеу мекемелерінде еңбек тәртіп ережелерін орындауға.

      17. Ұқыпты болу және әдемі сыртқы түрін сақтауға. Оқу сабақтарына қатысуға тек арнайы киіммен - ақ халат және медициналық қалпақ, клиникаға дейін кабинеттерде, зертханаларда міндетті түрде екінші аяқ киім, дене шынықтыру сабақтарына спорттық костюм және спорт аяқ киімінің болуы.

      18. Шартта белгіленген мерзімде (ақылы топта оқитын студенттер) оқу ақысын төлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет