56
Қорға бізді, бабалар шаңырағы.
Елім бүгін Көк туын желбіретті,
Жер шарына естіліп Әнұраны, -
деп рәміздеріміздің қуат, айбарын танытады. Бұл жырлардың
айтар идеясы - Көк байрақтың астына бірігу, қазақтың
ынтымағын сақтау.
XX ғасырдың соңы қазақ поэзиясына бір қауым жас
ақындарды әкелді. Бұлар күрделі кезеңде әдебиет айдынына
келсе де, дәстүрлі қазақ жырының жүгін ауырсынбай арқалап, сөз
өнерінің мәртебесін көтере келді. Бұл ақындар тосын ойлы, тың
бейнелі сөздер айта алды. Ақын Ж.Әскербекқызы:
Мына ғалам Сіз бен Бізді ұға ма,
Көңіліме көшкендей күзгі нала.
Жалғандықтан жерінген біздің жүрек,
Жамандыққа қимайды Сізді ғана,
-
деп оқырмандарын ойға шақыра отырып, сырласады. Сол
сияқты, Маралтай:
Қараңғы жерде жатырмын,
Құдайдың суретін салып қара қабырғаға,
-
десе, Б.Беделхан:
Түсімде,
Санамның әмірі жүрмейтін әлем күшінде,
Зар мұңымды айтып, зәу Көкке самғап кетіппін,
Тәңірім, жерге түсірме,
-
деп қанатты ой оралымдарын төгеді.
Академик З.Ахметов:
“Поэзиядағы тіпті ең қарапайым
деген сөздердің өзі де ақын ой-сезімінің байлығын, айырықша
қуаттылығын аңдататындай болса, жай айтылған үйреншікті
мағынасынан гөрі әлдеқайда терең мағынаға ие бола алады”,-
дейді. Осы жылдардағы алмағайып, күрделі кезең ақындарды дүр
сілкінтіп, ой тереңіндегі ажарлы, бейнелі сөздерді айтқыза алды.
Қазақ ақындарының жыр жарысындағы қарымын Мұхтарға,
Қанышқа, Қасымға, Сәбитке, Ғабитке, Түркістан мен Тараз
қалаларына арналған жыр мүшәйралары байқата түсті.
Мүшәйраға - жазба поэзия өкілдерінің сөз сайысына деген
ықылас, әсіресе, ұлы Абайдың туғанына 150 жыл толу
қарсаңында ерекше арта түсті. Абайға арналған мүшәйра екі рет
57
1993 жылы және 1995 жылы өткізілді. Екеуіне 300-дей “өлеңге
таласы бар” үміткерлер, танымал ақындар қатысты. Бұл
ақындардың жырларында Абайдың рухымен тілдесу, өлеңін
құрмет тұту байқалады. Мәселен, Иран-Ғайыптың “Ұрпақ сөзі”,
Ж.Ерманның “Абайға мұң шағу”, М.Нетәлиевтің “Ақынмен
сырласу”,
Б.Серікбайұлының
“Абаймен
сырласу”,
“Б.Мәжитұлының “Ұлы ақынмен сырласу” деген өлеңдерінде
ортақ идея, көркемдік үндестік бар.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясында ақындарды
толғандырған тың тақырыптардың бірі – жаңа Елорда, жаңа
Астана. Ақын Дихан Баба Әбілев:
Еңсең өссін күн санап,
Елің өссін жыл санап,
Шығармасын есіңді,
Қайтармасын сесіңді.
Уақыт деген Құмсағат!
Алла жар боп алдыңнан,
Аппақ күнің лауласын,
Дос-туысың көп болып,
Жақындассын жауласың!
О, Астана, айналдық!
Біздің соққан жүрек, Сен
Қадамыңа нұр жаусын,
Ақ батадан, тілектен! Әумин!
–
деп жаңа Астанаға Ақ батасын арнайды.
Астана қаласы тек еліміздің Бас ордасы болғандықтан ғана
емес, ең бастысы Тәуелсіздіктің жас өркені, алғашқы перзенті
болғанымен де аяулы. Ақындар осы тақырыпқа жарыса жыр
жазып, тілектің тоғысуын байқатты. Ақын Қ.Шаңғытбаев:
Астанам-ай, құтты болғай есімің,
Ашық болсын Алашыңа есігің,
-
деп жырлайды. “Астана” деген ұғымның аясын, арнасын
кеңейтуде, мағынасын тереңдетуде қазақ ақындарының қосқан
үлесі мол. “Астана” деген сөз қазір тілімізде “Елорда, қала”
мағынасымен қатар, “отанымыздың жүрегі”, “мемлекетіміздің
тірегі”, “тоғыз жолдың торабы”, “Алаштың айбыны” секілді
тіркестермен бедерленуде.
58
Сонымен, тәуелсіздік кезіндегі жырларда қоғамдық ой
-
сананың жаңғыруы байқалып, идеялық
-
көркемдігі мен танымы
жоғары жырлар туып, поэзиядағы ізденіс арналарын кеңейтті.
Достарыңызбен бөлісу: