72
Бейкүмән мен Нәкүмән айналасындағы оқиғалар), «Мен ішпеген
у бар ма?» (данышпан ақын Абай қасіреті), «Күшігінен таланған»
(әйгілі Ақсақ темір тағдыры), «Аттын адам», сондай-ақ соңғы
кездері театр сахнасына шыққан «Естайдың Қорланы» драмалық
дастандары қаламгердің драматург ретіндегі шеберлігін паш
еткен дүниелер.
“Қорқыттың
көрі” драмалық дастаны да барынша
буырқанған ақындық шабытты айғақ еткен бірегей туынды. Бұл
драмалық поэманың кейіпкерлері – күллі түркі дүниесінің
қасиетті абызы, пірі Қорқыт ата мен Жаналғыш-қызыл Қанат
Әзірейіл, Қорқыттың әкесі – Қарақожа-Оғыз ата, анасы-Қамқа-
Қыпшақ ана, билеуші-бек – Қаһан, Қорқыттың жары – Сарын
ару, досы Рәпіл, көңілдесі – Нике. Бұлардан басқа дастан
оқиғасына әр түрлі Дауыстар және Қырық қыз қатыстырылған.
Оқиғаның өтетін уақыты – «Расул (Мұхаммед) Пайғамбар
заманына жақын тұс (VII-VIII ғасыр), өтетін жері – «Баят
(Сырдария өзені) бойы» (Дастанның кіріспесінде көрсетілген
мәлімет осындай).
Драмалық дастан мазмұнына көз жүгірткенде ең алдымен
аңғарарымыз – оқиға мазмұнына өзімізге таныс, халық жадында
сақталып келген аңыздар желісінің алынғандығы. Иран-Ғайып
аңыз оқиғасын шығарма өзегіне ала отырып, өзінің суреткерлік
қиялына сай, поэтикалық бояуы қалың көркемдік шешім жасаған.
Қорқыт ата туралы аңыз-әпсаналардың ішінде ең әйгілісі –
абыз-бабаның ажалдан қашуы, сондай-ақ қобыз аспабын жасап,
одан мұңлы да ғажап әуенді күй төгілткені.
Аңыз дастанның бірінші бөлімінің бірінші көрінісінде
заманына налыған Қорқыт көктегі ие – Тәңіріне мұң шағады. Бұл
көрініс «Аспан асты… Жер үсті… Ұлы дала… Табиғат» аясында
өтеді. Тәңірмен тілдеспекке көкке қарай ұмсынған Қорқыт
күңіренісінде күллі адамзаттың ұлы мұңы жатқандай.
… Кем түйсініп, Аз ұғам:
Мүмкін сенің базынаң…
Бейне
нахақ наласындай Ғаламның
Жатырында
Үш жыл жаттым Анамның!
73
Әуел баста-ақ
Маған қимадың
Тоғыз ай
Тоғыз күншiлiк
Шарана-Ғұмырын Адамның,-
деп тебiренген Қорқыт толғанысының өзегi-оның ана құрсағында
үш жыл жатқандығы туралы аңыздан бастау алады. Ел
аузындағы:
Қорқыт туар кезiнде
Қара аспанды бу алған,
Қара жердi
су алған,
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған, –
деген жыр жолдары Иран-Ғайып дастанында былайша өңденедi:
Мен келерде –
Ай менен күн шағылысып,
Аруана-тiршiлiк
Күйiсiнен жаңылысып,
Ауа қозданып –
Қара аспанды бу алды
Топырақ базданып –
Қара жерді су алды.
Екi аяқты жұмыр бастының –
Зәре-құтын ұшырып,
Салып тудым лаңды...
Бiрiншi көрiнiстегi Қорқыт монологы – ортасына сыймай
Достарыңызбен бөлісу: