53
Ұшырамын қанат байлап сезімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп,
Ешкім енді шұқымайды көзімді,
-
деп жігерленеді. Осы тұстағы өлеңдерде ұлттық
ерекшелік
айқындала түсті. Мәселен, Т.Медетбек “Тудық біздер көрінбейтін
бұғаумен,
жүрдік
біздер
көрінбейтін
кісенмен”
десе,
Қ.Шаңғытбаев “Келем, міне, алшаң басып елімде, Ағытып ап
мойнымдағы көгенді”, дейді. Яғни, кешегі дәуірлерде халқымыз
кешкен
азапты ақындар “бұғау”, “қамыт”, “кісен”, “көген”,
“шідер” сөздерімен тұспалдап жеткізіп отыр.
Кешегі
кеңестік
дәуірде
өмір
сүрген,
идеология
майданының алдыңғы шебінде жүрген аға буын ақындар
өткеннің кінәсін анықтуға ұмтылды. Абыз ақын Ә.Тәжібаев:
Біз! Біз! Дедік,
Біз!
-
деп шықтық мінбеге.
Ұлтты құртар
Өрт шығардық іргеден.
Ұлтшылдарды
Қас дұшпан деп тілдедік,
Одан өзге түкті де біз білмедік,
-
деп ағынан жарылады. Ұлт жанашырлары болған Ахмет, Әлихан,
Міржақып, Мұстафа сияқты арыстардың рухы
алдында бүкіл
жұртының атынан кешірім сұрайды, келешек ұрпаққа ой салады.
Ақын Сағынғали Сейітов Қазан төңкерісімен құрдас, Кеңестік
дәуірдің төл перзенті болса да, жаңа тәуелсіз Қазақстанды аға
буын атынан қуана құттықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: