MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word MS Word
WordArt объектілері Көрнекі түрде құжатты безендіру үшін Рисование тақтасындағы Добавить объект WordArt командасын орындау керек.. Осы құрал көмегімен еңкейтілген, бұрылған, созылған мәтінді, сондай-ақ көлеңкесі бар және фигураның ішіне жазылған мәтінді жазуға болады.
Безендірілген мәтін графикалық объект болып табылатындықтан, оны өңдеуге, өзгертуге, түрлі амалдар қолдануға болады. Мысалға орнын ауыстыруға, бұруға, созуға, түсін өзгертуге және т.б. түрлі әрекеттер жиынтығын орындауға болады.
Сондай-ақ графикалық объектілерге Автофигуралар да жатады.
Формуланы енгізу Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрстiру → Объект → Microsoft Equation (Вставка → Объект → Microsoft Equation) менюi операцияларын орындауы керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.
Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас
Математикалық символдар пиктограммалары бар теңдеулер редакторы терезесiндегi жоғарғы жол негiзiнен символдар формуласына енгiзуге арналған меню болып табылады :мысалы, шексiздiк белгiсi, вектор символы, т.с.с. таңбалар жиыны. Олардың iшiнен қажеттi символдарды таңдауға және оларды формула ретiнде енгiзуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұқсастығы (үйлестiгi) бойынша жеке топтарға бiрiктiрiлiп орналастырылған. Символды кiрiстiру үшiн керектi символ тұрған өрiс элеметiн тышқан курсорымен белгiлеп көрсеткен жөн. Соның нәтижесiнде осы өрiске кiретiн символдардың толық тiзiмi ашылады. Тышқан курсорымен тiзiмдегi қажеттi символды таңдап алып, оны бiр рет шертсек, символ мәтiндегi формулалар жолын енгiзедi.