Бекіту сұрақтары
Microsoft Publisher программасы интерфейсінің Microsoft Word программасының интерфейсінен айырмашылығы қандай?
Microsoft Publisher программасында қандай жұмыстар атқаруға болады?
Microsoft Publisher программасында құралдар тақтасын қалай баптаймыз?
Құралдар тақтасының барлық құралдарын атап, не үшін керек екенін түсіндіріңіз.
Дәріс 11
Тақырыбы: Microsoft Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау
Мақсаты: Microsoft Office Publisher-де жаңа құжат дайындау мүмкіндішімен танысу және басылым құжатымен жұмыс жасауды үйрену.
Жарияланымды жаңадан жасау
Publisher қосымшасын экранға жүктегенде алғашында Каталог жарияланымы сұқбат терезесі пайда болады (Сурет 1).
Сурет 1. Каталог жарияланымы сұқбат терезесі
Сіз бұл каталогтарды көргенде шебер көмегімен қандай да бір визитка, открытка, шақырулар, резюме және тағы басқа құжаттар жасағыңыз келуі мүмкін. Ал егер жасап болғаннан кейін оны өңдегіңіз келсе, онда сізге Publisher қосымшасының элементтерімен жұмыс істеп үйренуге тура келеді.
Сондықтан Publisher қосымшасында жұмыс істеуді жаңа беттен бастағанымыз дұрыс болар.
Жұмысымызды бастамас бұрын Пустые публикации астарлы бетіне көшейік. Екі панель ашылады, соның сол жағындағы тізімнен немесе оң жағындағы жарияланым үлгілерінен біреуін таңдаңыз. Экранның оң жағында бос бет және сол жақта Жарияланым макеттері көрсетіледі (Сурет 2).
Сурет 2. Экранның оң жағында бос бет және сол жақта Жарияланым макеттері көрсетілген сұқбат терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |