«Іскерлік құжаттарды дайындау және өңдеу»


Publisher құралдар тақтасы



бет5/27
Дата23.03.2018
өлшемі8,02 Mb.
#39456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Publisher құралдар тақтасы
Программа экранға жүктелгенде үнсіз келісім бойынша Стандарт тақтасы көрсетіледі. Бұл тақтаны басқаларына қарағанда оңай тануға болады, себебі онда батырма Создать, Печать, Сохранить т.с.с. командалары орналасқан. Сонымен бірге Форматтау тақтасы да үнсіз келісім бойынша программамен бірге жүктеледі. Бірақ ол қандай да бір объект таңдалмайынша немесе жасалмайынша іске қосылмайды.

Таңдалған объектіге байланысты құрамын өзгертеді, мысалы графика салатын болсақ төмендегі түрге келеді (Сурет 3).




Сурет 3. Форматтау тақтасы
Текст теру рамкасы таңдалғанда, форматтау тақтасында басқа элементтер пайда болады: туралау, шрифт өлшемі, шрифтің жазылуы және т.б. (Сурет 4).

Сурет 4. Форматтау тақтасы
Мәтін енгізу

Мәтін енгізу үшін Құралдар параметрлерінің тақтасынан жақтауша батырмасын таңдаймыз (Сурет 5). Мәтін енгізу аймағы пайда болады да, мәтінді теріп енгіземіз.



Сурет 5. Құралдар параметрлерінің тақтасы
Мәтіндік өрістегі мәтіндерді өңдеу
Publisher қосымшасында мәтіндерді өңдеудің екі түрі бар: символдарды өңдеу және абзацтарды өңдеу. Абзацтарды өңдеу көбінесе мәтіндік өрістерді таңдау арқылы орындалады. Символдық өңдеуге мәтін тұрған өрісті емес, мәтіндерді ерекшелеу жатады (Сурет 6).



Сурет 6. Мәтіндік өрісті ерекшелеу мен мәтінді ерекшелеу айырмашылығы
Маркерленген және нөмерленген тізімдер

маркерленген және нөмерленген тізімдермен жұмыс істеу Word мәтіндік редакторындағыдай, еш өзгешелігі жоқ (Сурет 7).



Сурет 7. Маркерленген және нөмерленген тізімдер орнату сұқбат терезесі
Биәріп

Журнал және бюллетендерде оқушы назарын аудару үшін бірінші абзацқа биәріптер қойылады. Publisher қосымшасында биәріптерді қою эффектілерінің бірнеше түрі бар. Ол үшін Формат – Буквица командасын менюден таңдау керек. Сонда төмендегі сұқбат терезесі пайда болады (Сурет 8).






Сурет 8. Биәріп орнату сұқбат терезесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет