Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет4/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
«Өзің үшін жақсы көрген нәрсені 
басқалар үшін де жақсы көрмейінше кемел иманға 
жете алмайсыңдар»
деген мүбәрак хадисі ойға орала-
ды. Олай болса, Абайдың әділдікті сүюді
 «имани гүл»
деуі 
тегін емес.
Иә, 
«имани гүлге»
жеткен жан Тәңірі үшін барша 
адамзатты гүл-тікеніне қарамастан жақсы көреді. Ең бол-
маса жанашырлық танытып, аяушылық білдіреді. Себебі 


8
ИМАНИ ГҮЛ
бәрі Алланың жаратқан туындысы болмақ. Тағы да Абай-
ша айтсақ: 
«Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса 
тәңірі үшін».
Себебі раушан гүлдің жұпар исіне ынтық 
жан оның тікеніне де шыдайды. Жаратылыс суретіндегі 
әрбір көлеңкенің негізгі бейнені айқындап тұрғанын 
көреді. Ақырында Алла үшін Оның жаратқан әрбір ту-
ындысына мейірім көзімен қарайды. Сондықтан ол адам 
түгіл жан-жануар, құрт-құмырсқаға да мысқалдай да зия-
нын тигізбейді.
Иман шуағына шомған адам мына дүниеден 
кейін екінші бір дүниенің бар екеніне иланғандықтан 
Раббысының ризалығы үшін тек игі істерді атқаруға ты-
рысады. Өмірін салиқалы өткізіп, бар ғұмырын ізгілік 
амалдармен кестелеп бағады. Ана дүниеде әрбір ісіне 
есеп беретінін ойлап ұрлық-қарлық, кісі ақысын жеу, 
ар-намысын аяққа таптау сияқты зұлымдықтардан аулақ 
жүреді. Жаратылыстың мәнін түсініп, иман нұрына шомған 
осындай адамның көңілі әрдайым шаттанып, игілік атау-
лы мен барлық көркем мінез, тамаша қасиеттердің қайнар 
көзіне айналады. Мұндай жан әлемге бейбітшілік туын 
желбіретіп, айналасына тек мейірімділік нұрын шашады.
Ал, имансыз адам бұл дүниедегі барлық ақыл иесі 
адамды мазаламай қоймайтын 
«Мен қайдан келдім? Өмір 
сүрудегі мақсатым не? Қайда барамын? Жан-жағымды 
қоршап жатқан мына алып, шексіз дүние қайдан, оның 
мағынасы неде?»
деген орынды да күрделі сұрақтардың 
жауабын таба алмағандықтан үнемі мазасыз, бақытсыз. 
Өйткені мағынасыз, мақсатсыз өмірден шаршау, мазасыз-
дану – ақыл иесі адам үшін табиғи нәрсе. Бақытсыздығы, 
шаршағаны соншалық – ішкі мазасыздықтан уақытша 
болса да арылу үшін зиянын біле тұра, казино сияқты 
түнгі ойын-сауық орындарында уақыт өткізіп, миын, 
денесін улайтын наша, арақ сияқты есірткілерге салынады. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет