7
ИМАНИ ГҮЛ
Адам баласы өзін жоқтан жаратып,
айналасындағы
барша жаратылысты қызметші етіп берген Ұлы Алланың
пендесіне деген махаббатын сезінуге тиіс. Сонда
«Ма-
хаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алла-
ны жәннан тәтті»
деген байламға келеді. Ерікті түрде
құлшылыққа жүгіреді.
Терең иманға қол жеткізген кісі Алланың жалпы
жаратылысқа деген мейірімінен үлгі алып, мейлінше
мейірбан болуға ұқсап бағады. Өзі қанша рет күнә жа-
саса да, дереу жазаламай, тәубе етуі үшін мұрсат беріп,
кешірім жасаған
рақым иесі Раббысын ойлағанда, пен-
де ретінде өзгелердің де жаза басып, жаңылыс кеткен
қателіктерін кешіруге ұмтылады. Осылай жасау жоғарыда
Абай айтқан
«әділдікті сүюдің»
нәтижесі. Себебі біз өзіміз
қателескенде Жаратқанның кешіріміне ынтызар боламыз.
Ал біреудің алдында ағаттық жасасақ, оның да кешкенін
күтеміз. Ендеше, біздің де
басқалардың қателіктері мен
кемшіліктерін кешіре білуіміз бұл нағыз әділдік. Сондай-
ақ, өзіміз үшін тілегенді айналамыздағыларға да тілей білу
– бұл да әділдік. Біз өзіміз үшін көп жақсылықты тілейміз.
Қиыншылықтан тезірек құтылуды, жаманшылықтан аулақ
жүруді де қалаймыз. Ендеше, басқаның, қиналғанын көріп
сенің де жүрегің қиналса, ар-ожданың сыздаса бұл да
әділдікті сүю болмақ. Мұндай әділдіктің адам жүрегіндегі
махаббаттан туындайтыны айтпаса да түсінікті. Осы тұста
Алла елшісінің (с.а.у.):
Достарыңызбен бөлісу: