190
ИМАНИ ГҮЛ
құптаған тәуекелге жатады. Бұлардың ешқайсысын орын-
дамай жатып
«тағдырымда не болса, сол болады»
деп
қол қусырып қарап жату – тәуекел емес, жалқаулықтың
дәл өзі.
«Атыңды арқандап, тұсаулағаннан кейін ғана
Жаратқанға тәуекел ет»
деген атам қазақтың мақалы –
дәл Исламдағы осы тәуекел түсінігіне сай айтылған. Тіпті
бұл мақал пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінен алынған.
Тәуекел – мұсылмандардың тағдырға деген бекем
сенімдерінің табиғи нәтижесі. Тәуекел еткен адам – Ұлы
Жаратушысына ешбір шартсыз бас иіп, тағдырына, өзіне
берілген үлесіне риза болған иманды жан. Тағдырға иман
етіп, тәуекелге бел байлау – жалқаулық етіп, ай қарап,
жұлдыз санау емес, керісінше, бар күшіңді салып, бар
мүмкіншіліктеріңді қолданғаннан кейін нәтижесін Жара-
тушыдан күту. Себебі, Алла Тағала әрбір істің нәтижесіне
жету үшін белгілі себептер мен заңдар жаратқан. Яғни,
бидай екпей, егін өспейді, ауру емделмей, жазылмайды.
Игі істер істеп, күнәлардан аулақ болмайынша, Алланың
ризашылығы да болмайды, жәннат та қашық. Олай болса,
тәуекел – еңбек етіп, тер төгіп, барлық керекті себептерді
орындағаннан кейін нәтижесін Аллаға тапсырып,
Жаратқанның берген үлесіне риза болу, бас ию.
Алла Тағала Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: