Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет111/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

«Еш күмәнсіз біз барлық нәрсені 
арнайы есеппен жараттық»
97
. «...Барлық нәрсені жа-
ратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»
98
, -
деп 
жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымыз-
ды аударады.
Демек, Ұлы Жаратушымыз әр нәрсеге өзіндік 
тағдырын жазған. Жаратылыстағы әрбір нәрсе сол 
тағдырдан, арнайы бағдарламадан асып, жалпы жүйеден 
шығып кете алмайды. Әлемдегі бас айналдырар мына 
теңдессіз сұлулық, ерекше жүйе алдын-ала белгіленген 
арнайы жобаны, дәлме-дәл есепті, яғни, иләһи тағдырды 
нұсқайды.
Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген 
өз межесінен еш ауытқымай қозғалып, ғарышта жүзіп 
жүрсе, жан-жануар, өсімдік, жалпы жаратылыс Алла 
Тағаланың жазған арнайы бағдарламасын айна-қатесіз 
қайталап ғұмыр кешеді.
97
Қамар сүресі/49
98
Фурқан сүресі/2.


184
ИМАНИ ГҮЛ
Адамға байланысты тағдыр
Адамға байланысты тағдыр мәселесі, задында, 
күрделі болғандықтан кейбір адамдар қате түсінеді. 
Бәзбіреулер істеген күнәларынан 
«Тағдырымда осылай 
болса, не істеймін?»
деп ақталып жатса, енді біреулер 
әр істеген ісімді өз қалауыммен істеймін, 
«олай болса, 
тағдыр жоқ»
деп шектен шығып жатады. Бұл екі пікірдің 
біреуі астамдық болса, екіншісі нұқсандық. Орта жолды, 
дұрыс тағдыр ұғымын түсіне алмаған.
Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл-
ойымен, айрықша ерік-қалауымен екшеленгендіктен 
Оның тағдыры да өзгеше.
Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар.
1. Адамның еркінен тыс жағы
Адамның еркінен тыс Алла Тағаланың қалауы, ар-
найы белгілеуі арқылы болатын құбылыстар осыған жа-
тады. Мысал ретінде, адамның ұлты, туылған жылы
жынысы, денінің сау, яки ауру болып дүниеге келуі, 
бойының ұзын немесе қысқа болуы, зерек және әр түрлі 
қабілеттерге ие болуы, басына жер сілкінісі, өрт секілді 
пәлекеттердің келуі, жетім қалуы тәрізді қалауынан 
тыс болатын нәрселерді айтуға болады. Адам баласы 
қалауынан тыс бұл істерден ақыретте сұраққа тартылмай-
ды. Бірақ тағдырдың жанында адамның ерік-қалауының 
бар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, бір адамның 
тағдырында жетім қалуы жазылғанмен, сол жетімдікке са-
быр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын таза 
ұстап, сынақты жіберген Ұлы Жаратушысына бас иіп
имеуі – өз еркінде. Ол жетім қалғандығы үшін сұраққа 
тартылмағанымен, өзінің қалауы мен еркі арқылы іске 
асатын басқа істерден сұралмақ.


185
ИМАНИ ГҮЛ
Алла белгілі бір адамға сәтін салып, барлық шарт-
тарды ыңғайлап, күні-түні жүгіріп істеген істеріне бе-
рекет беріп, бай етті делік. Яғни, Алла Тағала оның бай 
болуын қалап, тағдырына байлықты жазды. Демек, Ұлы 
Иесі бұл құлына мына дүниеде «байдың рөлін» беріп, 
байлықпен сынағысы келді. Бірақ бұл байлықты жақсы 
жолда қолданып, жетімдердің басын сипап, кедей-
кепшікке қол ұшын беріп, Ұлы Иесіне шүкіршілік етуі не-
месе керісінше байлықтың буына мастанып, Жаратқанды 
ұмыт қалдырып, тәкаппарлыққа бой алдыруы – бәрі-бәрі 
құлдың өз қолында, өз еркінде. Құл екі жолдың біреуін өз 
қалауымен таңдап, жәннатқа яки тозаққа қарай жол сала-
ды.
Иә, пешенеге жазылған тағдырдың жанында адамға 
берілген өзіндік ерік-қалау бар. Тағдырдың өзіне жүктеген 
рөлін дұрыс жолда, салиқалы мағынада ойнап-ойнамауы 
әркімнің өз еншісінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет