267
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде:
«Нағыз жиһад
жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші»
деп, нәпсімен
күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен.
Жиһад ұғымы адамға, қоғамға,
жағдайға қарай
түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби
деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі,
экономика маманының
мұсылмандардың әлеуметтік
жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты,
мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы –
мұның бәрі
жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны
тірнектеп жинап,
өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ-
жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан
қалталы азаматтардың
бұл істері де Хақ жолындағы
күреске – жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде:
Достарыңызбен бөлісу: