Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Бізден кітап берілгендер (еврейлер мен христиандар)



Pdf көрінісі
бет158/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

«Бізден кітап берілгендер (еврейлер мен христиандар) 
оны (Мұхаммедті) өз балаларындай анық таниды»
138
делінеді. Олардың соңғы пайғамбарды біле тұра, оны 
қабылдамауының астарында қызғаныш пен тәкаппарлық 
жатыр еді. Міне, осы сияқты көптеген оқиғалар шайтан-
ның 
«Адамды қызғану»
оқиғасын көз алдымызда жандан-
дыра түседі. 
Алла Тағала 
«Адамды»
жаратқаннан кейін барлық 
періштелермен қоса шайтанға да 
«Адамға сәжде етіңдер» 
деген бұйрығын берді. 
«Сәжде ету»
термин ретінде 
маңдайды сәждеге қойып, құлшылық жасау. Ал бұл 
жердегі 
«сәжде ету»
Адамды (а.с.) мойындау, оған ізет, 
құрмет білдіру мағынасында келген. Шынайы құлшылық 
мағынасындағы сәжде тек Алла Тағалаға ғана жасалады.
Шынтуайтында, бұл
«сәжде»
Адамға салынған 
сәлем мен оған жасалған құрметтен бұрын, Ұлы 
Жаратушының бұйрығына әрі 
«Адам»
секілді ғажайып 
жаратылысты жаратқан Оның құдіреті мен теңдессіз 
шеберлігіне жасалған сәжде еді.
Періштелер Адамға сәлем салып, ізет білдіріп Ұлы 
Жаратушының бұйрығына сәжде етті. Тек шайтан ғана 
138
Әли Ғимран, 146 аят.


261
ИМАНИ ГҮЛ
тәкаппарланды. Алла Тағаланың бұйрығынан бас тар-
тып, қарсы шықты. Алла Тағала: 
«Менің бұйрығыма 
қарамастан, адамға сәжде етуге не нәрсе бөгет болды?»
деді. Шайтан: 
«Мені оттан, оны топырақтан жараттың. 
Мен, әлбетте, одан қайырлымын, артықпын, қалай 
оған сәжде етпекпін, менен артық жаратылыс бар 
ма?» 
деп тәкәппарланды. Шайтан ішіндегі қызғанышы 
мен тәкаппарлығының салдарынан бұйрықтың Ұлы Жа-
ратушыдан келіп тұрғанына да қарамады. Шайтан бұл жа-
уабы арқылы Алла Тағаланың өзінен де артық жаратылыс 
жарата алатын құдіретіне қарсы шығуда еді. Тіпті мұның 
астарында: 
«Сен менен асқан артық жаратылыс жара-
та алмайсың?» деген «менмендік»
пиғыл бар.
Шынтуайтында, шайтан төмен санаған топырақ аса 
қайырлы еді. Себебі, топырақ өмірдің қайнар көзі. Барлық 
тіршілік топырақтан өрбиді. Сондықтан топырақта Алла 
Тағаланың 
«теңдессіз жаратушы», «толассыз рызық 
беруші», «шексіз шебер» 
сияқты есімдері мен сипаттары 
көрініс табуда. Яғни, топырақ – Ұлы Жаратушының сан-
сыз көркем есімдері мен сипаттарының айнасы іспетті. 
Шайтан қатесін түсініп, тәубеге келудің орнына 
қасарысқан сайын қасарысып, тәкаппарлана түсті. Сөйтіп 
шайтан Алла Тағаланың: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет