Металл Қара металл Түсті металл



Дата08.07.2018
өлшемі19,31 Kb.
  • Металл
  • Қара металл
  • Түсті металл
  • Темір
  • шойын
  • болат
  • Машина жасау өндірісіндегі қажетті металдар
  • мен құймалар
  • ******
  • Темір
  • 9-апта. 25-тәжірибелік сабақ
  • Темір
  • 1- тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, алғашқы төрт абзацын орыс тіліне аударыңыздар.
  • МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚУАТЫН АРТТЫРАДЫ
  • Т е м і р
  • Темір – Менделеев кестесіндегі атомдық нөмірі 26 болып келетін элемент. Жерде ең көп таралған металл. Ересек адамдардың ағзасында 3,5-4 грамм темір болады. Темір – ең ежелгі металл деп есептелінеді. Ең алғашқы темірден жасалған заттар біздің заманымыздан бұрын 4 мыңжылдықта ежелгі шумер және ежелгі Египет өркениеті кезінде жасалған. Темірді қалағаныңша өңдеуге, оны балқытуға, ұзартып созуға, қалыптап құюға, кесуге болады.
  • Темір көбінесе көміртегі қосылған қорытпалар түрінде қолданылады. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды.
  • Темірдің кемшілігі: ол аса ауыр және тот басады. Сондықтан конструкторлар темірді біршама мықты және едәуір жеңіл материалдармен – алюминиймен, пластмассамен және әйнекпен жиірек алмастыруда.
  • Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Қазіргі кезде елімізде өндірілетін темір кенінің 90 % -ын Қостанай темір кені өндіреді. Оның ішінде, Соколов-Сарыбай тау-кен өндірісі және Лисаков кен-байыту комбинаты дүниежүзінде темір кенін өндіретін ірі 15 компанияның қатарына кіреді. Бұл кен орындарының темір қорын дүниежүзіне әйгілі Лотарингия (Франция), Кривой Рог (Украина) кен орындарымен салыстыруға болады.
  • Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіреді. Орталық Қазақстанда Атасу, Қаражал темір кеніштері бар. Теміртау қаласында «Арселор-Миталл Стил Теміртау» қара металлургия комбинаты жұмыс істейді.
  • Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында. Қазақстан темір кенінің артықшылығы: оның жоғары сапасы бар. Қазылатын темір рудасының 70% экспортталады.
  • Сөздік
  • темір
  • железо
  • көміртек
  • углерод
  • кемшілік
  • недостаток
  • шикізат
  • сырье
  • ауыстыру
  • поменять
  • қорытпа
  • сплав
  • балқыту
  • литье, расплавить
  • қасиет
  • свойство
  • 2- тапсырма. Мамандардың сұхбатын рөлдерге бөліп оқыңыңыздар.
  • - Темір – Менделеев кестесіндегі атомдық нөмірі 26 болып келетін элемент.
  • Адамның ағзасында 3-4г темір болады.
  • Химик:
  • Дәрігер:
  • Тарихшы:
  • Темір – ең ежелгі металл деп есептелінеді.
  • Инженер:
  • Отанымыз темір кен орындарына өте бай. Елімізде өндірілетін темір кенінің 90 % -ын Қостанай темір кені өндіреді.
  • Статистика маманы:
  • Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында.
  • “Первое посещение металлургического завода произвело тягостное впечатление. Представьте себе парня-степняка, оказавшегося впервые на металлургическом заводе. Кругом все грохочет, искры сыплются огненным дождем, и кажется, все на тебя летит и падает. Расплавленный чугун течет как вода в арыке —подойти страшно. “
  • 3- тапсырма. Үзінді авторы кім?
  • «Металлургия комбинаты алғаш барып көргенімізде-ақ жүрегімізді мұздататындай ауыр әсер етті. Кең сахара төсінде өскен баланың металлургия заводына бірінші рет келуін көз алдыңызға елестетіңізші. Айнала төңірек тарсылдап-гүрсілдеп жатқан бір нәрсе, жарқ-жұрқ еткен ұшқындар жаңбырдай шашырайды және осының бәрі де сенің үстіңе қарай ұшып, құлап келе жатқандай. Балқыған шойын арықтағы суша ағады – жақындап баруға шошисың.»
  • Елбасымыз Н. Назарбаев еңбек жолын металлургиялық заводта бастаған.
  • Жаңалықтармен таныс болыңыздар!
  • Машина жасау саласының жаңалықтары қазақ баспасөз беттерінде.
  • Астанада ҚР Үкіметі мен «Тойота Мотор Корпорейшн» арасында меморандумға қол қойылды. Жол таңдамайтын Fortuner көлігі CKD тәсілімен шығарылатын болады. Осы жоба аясында жылына 3 мың көлік шығару жоспарланып отыр. (Егемен Қазақстан 13 ақпан, сәрсенбі 2013 жыл.)
  • Қазақстанда электр қуатымен жүретін қолжетімді жеңіл көлік жасалады. Аккумуляторын қуаттап алған көлік 300 км жол жүріп өтуі керек. Электромобиль ЭКСПО- 2017 көрмесінде көрсетілуі тиіс.
  • Жобаның бас инженері Арсен Гутановтың айтуынша, электромобиль өзге көліктер сияқты құрастырылмайды, жаңа жобамен өзімізде жасалады.
  • (Алматы ақшамы 16 ақпан, сенбі 2013 жыл.)
  • Бұйыртса, электромобильмен жүреміз
  • Жол таңдамайтын Fortuner көлігі
  • 4- тапсырма. Жаңалықтармен таныс болыңыздар!
  • Таза металдарқоспалар мөлшері аз металдар не қорытпалар.
  • Қорытпаларекі немесе бірнеше бөліктерден тұратын балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер.
  • 5- тапсырма.Термин сөздерді оқып, мағынасын есте сақтаңыздар.
  • 6- тапсырма. Өткен апталардағы материалдарды еске түсіре отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
  • 1. Машина жасау технологиясында темірді электрлі .......... әдіспен өңдейді.
  • 2. Темірден машина бөлшектерін жасау кезінде микро тесіктерге ........ өңдеу әдісін қолданады.
  • 1
  • 2
  • 3. Морт сынатын қатты материалдарды ......... өңдеу әдісімен өңдеу кеңінен таралған.
  • 3
  • 4. Темірді еркін .... процесі әдісімен өңдейді.
  • 5. Темірді еркін соғу процесі мынадай түрлерге бөлінеді:
        • отырғызу- осадка
        • ұзарту- раскатка
        • тереңдету- прошивка
        • кесу- рубка
        • ................- ....................
  • 4
  • 7- тапсырма. Машина бөлшектерін атаңыздар.
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 11
  • 10
  • 8- тапсырма. Суреттегі тұлға туралы не білесіздер?
  • 1906
  • 1938
  • Эйфель мұнарасы 1889 жылғы әлемдік көрменің (EXPO – 1889) кіреберіс қақпасы қызметін атқарған (башня служила входной аркой парижской Всемирной выставки 1889 года). Құрастырушы Густав Эйфельдің атымен аталған. Мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.
  • 9- тапсырма. Танысып, есте сақтаңыздар.
  • 10- тапсырма. Мәліметтерді есте сақтаңыздар. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сайттан оқып келіңіздер.
  • http://dmk.kz/ekonomika/mashina-zhasau-salasyin-damyitu-memleket.html
  • Техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Өнеркәсіптік инженерия институтының директоры Әуезхан Тұрдалиевпен сұхбат.
  • – Әуезхан Тұрдалыұлы, маман ретінде отандық машина жасау саласының келешегі туралы не айтар едіңіз?
  • – Бұл саланың болашағы әлі алда. Машина жасау саласын дамытпай кез келген өндірісті өркендету мүмкін емес. Неге десеңіз, машина жасау кешеніне 13 сала кіреді. Олар: темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауылшаруашылығы, электр жабдығы.
  • – Машина жасау саласына жастардың қызыуғышылығы қай деңгейде?
  • – Тек біздің институттың өзіне машина жасау мамандығына деп жылына 500 грант бөлінеді. Біздің елімізде машина жасау өндірісін дамытуға қажетті шикізаттың барлығы бар. Тек, отандық машина жасау саласының келешегі білімді де, қабілетті қазақ жастарының қолында тұр дегім келеді.
  • ( Әңгімелескен Б.Базарұлы)
  • Үй тапсырмасы
  • Отанымыздағы темір кен орындары туралы жан жақты мәлімет дайындаңыздар.
  • Соколов - Сарыбай кен орны
  • «Арселор-Миталл Стил Теміртау»
  • “Мен армандаған машина” тақырыбына шағын эссе жазып келіңіздер
  • Сұхбаттың толық нұсқасын мына сайттан оқып келіңіздер.
  • http://dmk.kz/ekonomika/mashina-zhasau-salasyin-damyitu-memleket.html
  • Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
  • 11-тапсырма. Берілген мәліметтерді есте сақтаңыздар.
  • Білгенге маржан!!! Біліп алыңыздар!
  • Темірдің биологиялық маңызы.
  • Адам денесінде темір құрамы 3-4 гр дейін болады.
  • Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.
  • Медицина тұрғысында: Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен қаназдық (анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу, көп қан кетуден пайда болады.
  • 12-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
  • Темір жөнінде мақал-мәтелдер:
  • 1. Темірді қызған кезінде соқ.
  •  
  • 2. От көмір жейді, тот темір жейді.
  •  
  • 3. Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуға оңай,
  • Темір кессең қысқа кес, ұзартуға оңай.
  •  
  • 4. Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық

Каталог: files -> teacher-presentations
teacher-presentations -> Өмірбекқызы «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
teacher-presentations -> Инновациялық менеджмент Орысша және қазақша тілдерінде экономикалық және техникалық мамандықтары үшін Оқытушы
teacher-presentations -> Цели Образовательной Программы
teacher-presentations -> Доцент, химия ғылымының кандидаты қолданбалы химия кафедрасы педагогикалық стаж: 8 жыл «дисперстік жүйелердің физика-химиясы»
teacher-presentations -> Мәліметтер базасын басқару жүйелері (мббж мббж)
teacher-presentations -> Қазақстан республикасының президенті – Ұлт көшбасшысы н.Ә. Назарбаевтың халықҚа жолдауы 2013
teacher-presentations -> Бұл момент болғанда, максималь мәнге ие болады
teacher-presentations -> Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
teacher-presentations -> Пирометаллургия


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет