Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет43/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
уақыты әлі келмегендігін, бұл үшін әлі мұсылмандардың 
аз екендігін айтып алғашында рұқсат бермеген-ді, бірақ 
Әбу Бәкірдің табандылық танытуынан кейін олардың 
айтқандарына көнеді. Барлығы жұптарын жазбай Қағбаға 
барады. Әбу Бәкір мүшріктерге қарап:
– Хақ һәм жалғыз Аллаға мадақ! Мәңгі бақыт – 
Аллаға иман келтіруде. Оны мойындамай пұтқа табыну – 
өте жаман әдет. Мағынасы жоқ жаһилия әдеттерін тастап, 
Алла елшісінің шақыруына мойынсұныңыздар!– деді.
Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада естерін 
жинап, мұсылмандарға қарсы шығады. Әбу Бәкірді жерге 
жатқызып алып, қолдарына түскен нәрсемен ұрып-соға 
бастады. Қаныпезер мүшрік Ұтба ибн Рәбиға табанында 
шегесі бар аяқ киімімен тепкілеп оның нәзік бетін қан-
жоса қылады. Сол арада Әбу Бәкірдің туыстары көмекке 
келіп оны өлім аузынан әзер алып қалды.
Өлімші халде есін жиған Әбу Бәкірдің ең алғашқы 
сұрағы: 
«Алла елшісінен хабар бар ма?»
болды. Ол есі 
кіресілі-шығасылы жатқанын елемей, Пайғамбарымызды 
(с.а.у.) уайымдап: «Оған не болды?» – деп сұраумен бол-
ды. Анасының: 
«Балам, бір нәрсе ішіп-жейсің бе?»
– де-
ген сұрағына: 
«Алланың Елшісі қайда? Оның жағдайы 
нешік?»
– деп бәрібір көңілі жай таппады. Анасы еш нәрсе 
білмейтінін айтқан кезде, ол: 
«Анашым, Хаттабтың 
қызы Үммү Жамилге барып, Хақ елшісінің жағдайының 
қандай екенін сұратыңызшы»
– деді. Пайғамбарымыздың 
жағдайының жақсы екендігін айтып келген хабарға да 
көңілі толмай, Оның (с.а.у.) халін өз көзімен көргісі 
келіп тағаты таусылды. Айнала біраз тынышталғаннан 
кейін қасындағылар Әбу Бәкірді қолтықтап Әркәмнің 
үйіне алып барады. Пайғамбарымызды (с.а.у.) өз көзімен 
көрген кезде: 
«Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, 
ей, Расулаллаһ!»
– деп жылай бастады. Пайғамбарымыз 


83
ИМАНИ ГҮЛ
(с.а.у.) оны құшақтады. Оның бұл халі Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) қатты әсер етіп, көздерінен мөлдір жас моншақтай 
төгілді
21
.
Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы хазіреті 
Біләлдің пайғамбарлар сәруары – хазіреті Мұхаммедке 
(с.а.у.) деген сүйіспеншілігін тілмен айтып жеткізу 
мүмкін емес. Исламды қабылдағаннан кейін бір сәт бол-
сын қасынан ажырамады.
Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) ақыретке 
аттанғанда, көптеген сахабалар сияқты қабырғасы қайыса 
қайғырған ол Мәдинада қала алмады. Алла елшісінің 
кетуі оған жарық күннің сөнуімен бара-бар келді. Өйткені 
Мәдинаның әр тасы мен топырағы оның есіне Алла 
елшісін түсіретін. Біләл сол тұстағы халифа хазіреті Әбу 
Бәкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады. Әбу Бәкірге 
барып:
– 
Ей, 
Алла 
елшісінің 
халифасы! 
Мен 
Пайғамбарымыздың: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет