Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет45/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
шысының рөлін, міндетін қанша уақытқа дейін ешкімге 
білдіртпестен, сездірместен жүргізе алады? Бәлкім, сауат-
сыз адамның алғашқы жүріс-тұрысы айналасындағыларға 
күмән тудырса, қарапайым адамның басқа мемлекет бас-
шыларымен бір-екі кездесуінен кейін-ақ жалғандығы су 
бетіне қалқып шыққан майдай жария болады. Ал енді 
оқу-жазу білмейтін бір адамның пайғамбарлық сияқты 
ғалымдықтан да, мемлекет басшылығынан да ауыр бір 
рөлді, міндетті жиырма үш жыл бойы айналасындағы 
өте зерек те ақылды адамдарға еш білдіртпестен ойнауы, 
жүргізуі мүмкін бе? Тіпті, жиырма үш жыл емес, қияметке 
дейін келіп-кетер сансыз кемеңгер, ойшылдарға, ғалымдар 
мен әулиелерге, жалпы адамзатқа өзінің жалғандығын еш 
сездірместен жалғастыра беруі мүмкін бе? Әрине, жоқ. 
Олай болса Ол (с.а.у.) – шынайы пайғамбардың дәл өзі.
• Тарихта ереже-қағида қойып, жаңа жүйе құрған 
көптеген тұлғалар бар. Олардың көбі өздері қойған 
ережелерді басқаларға үлгі боларлықтай дәрежеде іс 
жүзінде атқармағандықтан, адамдар тарапынан шы-
найы жанашыр, ешбір қолдау таппағанын көреміз. 
Ал енді пайғамбарымыздың 
«Намаз оқыңдар!»
– деп 
адамдарды намазға шақырып, ереже қойғаннан кейінгі 
Оның оқыған намазына қараңыздаршы. Бес уақыт на-
мазды жамағатпен, жылап тұрып оқуы былай тұрғанда
түн жарымда тұрып 
«тәһәжжуд»
намазын егіле жы-
лап, аяқтары талып-ісігенше оқитын. Айша анамыздың: 
«Уа, Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың?»
– де-
ген сұрағына: 
«Аллаға шүкір еткен құл болмайын ба?»
– деп жауап қатқан Алла елшісінің намазынан қандай 
жалғандық көруге болады? 
«Зекет беріңдер!»
деп ереже 
қойған Пайғамбарымыздың қолына тиген мал-мүліктің 
бірін де қалдырмай мұқтаждарға бөліп беруінен нен-
дей көзбояушылық байқауға болады?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет