Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Оларға есеп күніне байланысты аят-



Pdf көрінісі
бет86/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

«Оларға есеп күніне байланысты аят-
тарымыз оқылған уақытта: «Бұлар бұрынғылардың 
аңызы ғой» деп өте шығады»
64
– деп, кәпірлерге 
ақыреттің болатындығын білдіретін дәлелдер айтылған 
кезде ақырет есебін қаламағандықтан, барынша елемеуге 
тырысатындығы баяндалады.
Өлілерді қайта тірілту құдіреті шексіз
Алла үшін қиын емес
Еш шаршамастан жеті қабат аспанды жаратып, оны 
ғасырлар бойы еш ақау-кемшіліксіз басқарып тұрған 
Жаппар иеміз Алла Тағаланың адамдарды өлгеннен кейін 
де қайта тірілтуге құдіреті толық жетеді. Құранда: 
«Күллі 
Аспан әлемі мен жерді жаратқан әрі оларды жаратқан 
уақытта еш шаршап-шалдықпаған Алланың, өлілерді 
қайта тірілтуге құдіретінің толық жететінін (Ақыретке 
сенбейтіндер) көрмейді ме? Иә, Ол әр нәрсеге толық 
құдіретті»
65

– делінген. Басқа бір аятта: 
«Көк әлемі мен 
жерді жаратқан Алланың олардың ұқсасын жаратуға 
құдіреті толық жетеді емес пе? Әрине, толық жетеді. 
Ол – (әр нәрсені) толық білетін жаратушы»,
66
 
– делінсе, 
«Назиғат» сүресінің 27-аятында: 
«(Ей қайта тірілуге 
сенбейтіндер! Ойланып ақылға салыңдар!) Сендерді 
қайтадан жарату қиын ба? Жоқ әлде аспанды ма? (көз 
салып, қараңдаршы) Алла аспан әлемін қалай мықты 
етіп жаратқан», 
– деп төбеміздегі мына бас айналдырар 
таңғажайып үйлесімді жүйемен әрі дәлме-дәл есеппен 
істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ аспан әлемін, жымыңдаған 
64
әл-Мутаффифун сүресі/13.
66
Ахқаф/33
66
Иасин сүресі


145
ИМАНИ ГҮЛ
жұлдыздарды жаратқан Алла Тағала үшін өлгеннен кейін 
адам баласын қайта тірілтудің еш қиын еместігіне наза-
рымызды аударады. Иә, осыншама миллиардтаған га-
лактикалар мен ондағы сансыз жұлдыздарды жаратып
оларды бір-бірімен қақтығыстырмай, белгілі бір жүйемен 
ғасырлар бойы ұстап тұрған Құдіреттінің, әлбетте, адам 
баласын қайта тірілтіп, жан беруге құдіреті толық жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет