Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет114/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   237
Байланысты:
имани гүл

Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Бір кездері Омар (р.а.) Мәдина қаласындағы бірнеше 
сахабаны жанына ертіп Шамды бақылап, тексеру үшін 
жолға шығады. Шамның сол кездегі бастығы Әбу Убәйда 
ибну Жәррах Омар (р.а.) мен жанындағы жолдастарын 
қаланың сыртынан күтіп алады. Әбу Убәйда Омарға 
(р.а.) Шамда оба ауруының етек алғанын жеткізеді. Ха-
барды естір-естімес хазреті Омар жанындағы сахабалар-
мен ақылдасады. Сахабалардың кейбіреуі: 
«Осы жер-
ге дейін келдік қой, Аллаға тәуекел етіп қалаға кіріп, 
жұмысымызды бітіріп кетейік»
, - десе, енді біреулері: 
«Кері қайтайық»
, - деген ойларын ортаға салады. Хазіреті 
Омар да осы кері қайтайық деушілерге қосылады. Сонда 
Әбу Убәйда:
– Уа, Омар Алланың тағдырынан қашқаның ба?-
дейді.
Омар (р.а.):
– 
«Бұл сөзді сенен басқа біреу айтқанда ғой! Иә, 
Әбу Убайда, Мен Алланың тағдырынан оның басқа 


189
ИМАНИ ГҮЛ
бір тағдырына қашып бара жатырмын», 
- деп жауап 
қатады. Сосын түсінікті етіп ойын ашпақ ниетпен:
– Уа, Әбу Убәйда, сенің түйелерің бар делік. Мына 
жердің бір жағы жасыл-желек, балғын шөп, ал екінші жағы 
құрғақ, сусыз тап-тақыр жер делік. Сен егер түйелеріңді 
жасыл желек, балғын шөпке жайсаң Алланың тағдырымен 
жайған боласың. Ал егер, керісінше, құрғақ жерге жаяр 
болсаң Алланың тағдырымен жайған болмайсың ба?
Бұл әңгімеге кейіннен қосылған Абдуррахман ибн 
Ауф былай дейді:
– Уа, Омар, менің бұл турасында мағлұматым бар. 
Бұл мәселеге байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мы-
нандай хадис естідім. Пайғамбарымыз былай деді:
«Бір жерде оба ауруының бар екенінен хабар-
дар болсаңдар, ол жерге бармаңдар, ал егер сол жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет