Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет138/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
сақталуда. Олай болса жалпы ғаламның негізгі бір бөлшегі 
саналатын адамзат та ғаламдағы осы кереғар заңдылыққа 
бағынуы тиіс. Сөйтіп қоғамның біртұтастығы, өзара 
үйлесімділігі сақталады. Қоғамдағы әрбір тұлға басқа 
бір тұлғамен бірігіп селбескенде ғана өз қажеттіліктерін 
қамтамасыз етеді. Барлық адам басшы болып кетсе, кім 
кімге басшылық етіп, кім кімге жұмыс істемек? Міне, 
сондықтан қоғамда біреуі басшы болса, екінші бірі соған 
тәуелді жұмысшы, енді бірі дәрігер болса, басқа бірі ау-
ырып ем қабылдайды. Бұлардың бәрі табиғи түрде Ұлы 
Жаратушының қойған белгілі заңдылықтарымен жүзеге 
асып жатады. Сондықтан бір адамның бай, екінші бір 
адамның кедей болуы – табиғи нәрсе болумен қатар, 
жалпы ғаламдағы Ұлы Жаратушының қойған кереғар 
заңдылығының бір көрінісі. 
Барша адам бірдей бай немесе кедей болсын деу – 
барлық адам бірдей басшы яки бәрі ер кісі немесе түгел 
әйел болсын дегенге саятын күлкілі жайт. Осы жобалас істі 
жасамақ болған кешегі коммунизмнің немен аяқталғаны 
бәрімізге белгілі.
Түптеп келгенде, Алла Тағаланың адамға байлықты 
беруі де, бермеуі де игі һәм қайырлы. Адам егер берілген 
мал мүлік, дүниені жақсы жолда жұмсап, сол байлықты 
берген оның шынайы Иесіне үнемі шүкір етіп, кедей-
кепшіктерге қол ұшын созып, ғұмырын ізгілікпен, 
қайырымдылықпен өрнектей білсе, онда байлық ол адам 
үшін әлбетте қайырлы. Алайда байлықтың буына мас-
танып, оны берген Жаратқанды естен тарс шығарып, 
небір күнәға батып, айналасындағы кедей -кепшік, мұң-
мұқтаждарға мұрнын шүйіре қарап, өзге байлармен 
бәсекелесіп, бақ таласқандар үшін байлық әрдайым 
қатерлі, әрі ақыреттік өмірін тамұқ ететіндіктен қайырсыз. 
Кедейлік те дәл осылай. Егер кедей адам қара нанның өзін 


226
ИМАНИ ГҮЛ
қадір тұтып, қара суды қанағат ететін иман нұрына шомған 
жан болса, кедейлік мұндай адам үшін қайырлы. Өзінің 
әлсіздігін түсініп, Ұлы Жаратушысына деген мұқтажды-
ғын әр сәт естен шығармауға итермелейтін кедейшілікті 
қалай ғана қайырсыз дей аламыз? Оразада күні бойы 
ауызға нәр татпай, ауыз ашарда ішкен бір жұтым суды 
тұла бойымыз шымырлап, бар жан-тәнімізбен сезінеміз. 
Жоқшылық та Ұлы Жаратушының адамға берген сансыз 
нығметтерінің қадір -қасиетін түсіндіреді. 
Иманды жан Ұлы Иесіне 
«неге кедейлік бердің?» 
деп 
шағым жасауы былай тұрсын, 
«маған байлық бергеніңде, 
бәлкім, сол байлықтың буына мастанып, Сені естен 
шығарып, Саған деген мұқтаждығымды қазіргідей 
сезінбес пе едім?»
деп, кедейлікпен сынаған Раббысына 
шүкір етеді. Кедейлікті әрдайым Раббысы тарапынан 
тарту етілген сансыз сауаптың қазынасы мен мәңгілік 
байлықтың қайнар көзі деп біледі. Себебі, кедейлігіне 
сабыр етіп, шүкір ете білген жан Раббысының 
ризашылығына бөленіп, ақыретте мәңгілік бақытқа 
кенеледі. 
Ал, керісінше, жүрегі иманмен нұрланбаған жан-
дар үшін кедейлік те қайырсыз. Күн сайын байлардың 
байлығына қызыға қарап, өзі ондай мал -мүлікке ие 
болмағандықтан, ішін қызғаныш өрті шалып, үнемі 
өзгелердің ақшасын сырттай санап әуре болады. Мұндай 
жандар уақыт өте келе Раббысына қарсы шығып, 
күпірліктің тас түнегінен бір-ақ шығады. Сөйтіп, кедейлік 
сынынан сүріне құлап, ақыретін де ойран етеді.
Міне, Ұлы Жаратушының байлығы да кедейлігі де 
адамдар үшін сын -сынақ. Байлықты да, кедейлікті де 
жақсы, жаман дей алмаймыз. Өйткені, бұлардың қайырлы 
яки қайырсыз болуы адамның өзіне байланысты.


227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет