Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме?



Pdf көрінісі
бет140/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   237
Байланысты:
имани гүл

Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? 
Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп, 
орындамағандарды азаптайтынын ескертуде?
Ұлы Жаратушымыз біздің құлшылығымызға да, тіпті 
жаратылыстағы еш нәрсеге де мұқтаж емес. Керісінше, 
барлық жаратылыс атаулы Оған мұқтаж. Ол – 
«Самад», 
яғни ешкімге мұқтаж емес, керісінше, барлық нәрсе Оның 
жәрдеміне, мейірімі мен шарапатына, түгесілмейтін 
қазынасына мұқтаж.
Адамзатты жоқтан жаратып, жерді оған құтты мекен, 
көкті жымыңдаған жұлдыздармен безендіріп, бейнебір 
өрнектелген күмбездей төбесіне көтеріп, алып Күнге жы-
луы мен жарығын толассыз төккізкен Ұлы Жаратушының 
өзі жаратқан әлжуаз адамның құлшылығына қандай 
мұқтаждығы болсын?! Өсімдік әлеміне, сан алуан жеміс-
жидегін шашу етіп шашқызып, күллі жан жануарды 
қызметіне жүгіртіп, алдына салып берген Ұлы Құдіреттің 
өзі жаратқан әлсіз адамзаттың ғибадатына нендей 
мұқтаждығы болуы мүмкін?! 
Иә, біздің болар-болмас құлшылығымыз арқылы
күллі болмыс әлемін басқарып тұрған құдіретті Ұлы 
Иеміздің даңқы мен теңдессіз ұлылығына нендей даңқ 
қосылмақ?! Немесе біз ғибадат жасамасақ, оның шексіз 
ұлылығына қандай нұқсан келіп, таңғажайып cалтанатты 
патшалығынан не кеміп қалмақ? Біз ғибадат жасасақ 
та, жасамасақ та Ол задында даңқты, барлық мадақ-
мақтауларға нағыз лайық, күллі ұлылықтың шынайы иесі 
емес пе?!


230
ИМАНИ ГҮЛ
Ғибадат – Ұлы Шебердің мына ғаламдағы жараты-
лыс туындысына қарап, ондағы нақышталған құдіретінің, 
шеберлігінің, білімінің алдында таң қалып, бас шайқап, 
қайран қалудың нәтижесі, тіпті нағыз өзі болмақ.
Құлшылықтың түп мәні – Ұлы Алланың тегін бер-
ген сансыз ырыс -берекесі мен есеп- қисапсыз төккен 
жақсылығына құлдың мадақ айтып, Оны ұлықтап, зікір 
етуі арқылы алғыс, рақметін білдіруінде. Ал енді адамның 
Ұлы Иесіне осылай алғысын білдіруіне, адамдығына сай 
борышын өтеуіне, Оның алдында қарыздар екендігін 
мойындауына Ұлы Жаратушыны мұқтаж деу ақылға сыя 
қояр ма?! 
Ғибадат – адамның жүгі зіл-батпан мына дүниедегі 
барлық мұқтаждығы мен қыжалат -керегін Ұлы Жа-
ратушысына білдіруі, Оның алдында қолын жайып 
мінәжат етуі. Осы ісі арқылы адам баласының жүрегі 
жай тауып, шексіз рахатқа қауышады. Бойындағы ауыр 
жүк жеңілдейды. Ал бұған Алла емес, адамның мұқтаж 
екені айтпаса да түсінікті. 
Ғибадат – адамның кемелденуіне, еш нәрсеге 
қанағаттанбаған рухы мен жүрегінің жай тауып, 
шексіз рахатқа қауышуына, денінің саулығына, сан-
алуан сезімдерінің жетілуіне, мінез -құлқының толысып 
көркеюіне ықпал етеді.
Һәм ғибадат – 
«адал арам»
деп ажыратпай, «жақсы-
жаман» деп талғамай әр нәрсені татқысы келетін то-
йымсыз асау нәпсісінің тізгінделіп, тәрбиеленуіне
қоғамда тыныштықтың орнауына, зуылдап өтіп жатқан 
уақытымыздың реттелінуіне, күнделікті ісіміздің 
жүйеленуіне ықпал жасайды. Ал мұның бәрі Алла Тағала 
үшін емес, біз үшін қажет.
Әрі ғибадатымыз арқылы уақытша, пәни әрі сан 
алуан қиыншылықтарға толы мына дүниенің орнына ана 


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет