«Өздеріне қарсы соғыс ашылған мұсылмандарға (мүшріктермен) соғысуға рұқсат берілді. Өйткені олар зұлымдыққа ұшырап, жәбір көрді. Әлбетте, Алла Тағала оларға жәрдем беруге толық күші жетеді. Олар ешбір себепсіз тек «Раббы- мыз – Алла» дегендері үшін отандарынан қуылды...» 143 Демек, өздеріне ешбір себепсіз зұлымдық жасап,
сан-алуан қиыншылықтарға душар етіп, елінен-жерінен
кетуге мәжбүрлеп, мал-мүліктерін талан-таражға салған
адамдарға қарсы соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана
рұқсат етілді.
Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. Бұл туралы
Алла Тағала былай дейді:
«Егер олар сендерден аулақ тұрса, әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт тұруды ұсынса, онда Алла Тағала сендердің оларға шабуыл жасауларыңа ешқандай жол бермеді» 144 . Алла Тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешу-
ді былай қойғанда, мұсылмандардың оларға жақсылық
әрі әділдік танытуларына қарсы еместігін білдірген.
«Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендер- ді өз отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді» 145 . Соғыс – дипломатиялық жолдар түгелдей іске
аспаған жағдайларда ғана амалсыз барылатын ақырғы
шара. Ал бейбітшілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік
туған жерде соғысқа жол жоқ. Яғни, қарсы жақ соғысты
143
Хажж сүресі, 39-40 аят.
144
Ниса сүресі, 90-аят.
145
Мумтахина сүресі, 7-аят.
271
ИМАНИ ГҮЛ тоқтатып, келіссөз сұраса, мұсылмандар да соғысты
тоқтатып, келіссөзге жүгінулері абзал.