Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым»



Pdf көрінісі
бет94/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   237
Байланысты:
имани гүл

Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым»
деп ойлай ма?
Әлемдегі кез келген нәрсе белгілі бір мақсатпен
арнайы хикметпен жаратылған. Әрбір жаратылыстың 
өзіндік мән-мағынасы, міндеті бар. Күллі жаратылыс Ұлы 
Жаратушының барлығын, бір екендігін білдіретін үлкен 
кітап дедік. Ұлы Иеміз бұл алып кітапты адам оқысын, 
оқып Өзінің құдіретіне, шеберлігіне таң қалып, мақтау айт-
сын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жазған. 
Түсірілген Құран да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі, 
қорытындысы, мазмұны іспетті. Бұл ғалам атты алып 
кітаптағы әр нәрсе – мағыналы бір сөз, бір сөйлем, тіпті 
бір кітап. Әрі Ұлы Жаратушымыз осы алып кітапты 
адамның игілігіне, қызметіне берген. Жерден неше есе 
үлкен Күн де, су да, ну орман да, өсімдік те, жан-жануар 
да бәрі-бәрі 
«ләббайк»
деп адам баласына қызмет етуде. 
Жалпы әлем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы 
әлемнің ішінде адамның орны мүлдем ерекше. Өйткені 
жер бетіндегі жалғыз саналы тіршілік иесі – адам. Ал енді 
Ұлы Жаратушымыздың барлық дүниені адам үшін жа-
ратып, ал адамды бостан-босқа, еш мақсатсыз жаратып, 


156
ИМАНИ ГҮЛ
мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентей араны да 
мағына, мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы – Хаким 
Иеміздің адам баласын бостан-босқа мақсатсыз жаратып, 
мәңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде 
мүмкін емес. Құранда 
«Әл-Мүминун»
сүресінде: 
«Біз 
сендерді бостан-босқа жараттық, әрі өздерің де Бізге 
кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?»
- делінсе, 
«Қиямәт»
сүресінде: 
«Адам баласы (еш сұрақ алын-
бастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма?»

делінеді.
О дүниеге біреу барып келіп пе?
Кез-келген нәрсенің бар екендігіне сену үшін ол 
нәрсені, алдымен, міндетті түрде көзбен көріп келу шарт 
емес. Ешбір адам анасының құрсағында жатып, мына 
дүниені көріп, сосын бұл дүниеге аяқ басқан жоқ қой. 
Ананың құрсағындағы сәби өзінің жатқан тар, қараңғы 
мекенінен тыс басқа әлем жоқ деп пайымдаса, қаншалық 
қателескен болар еді. Тура сол сияқты біздер де осы дүниені 
барлық болмыс әлемі деп танып, бұдан басқа әлем жоқ 
деп пайымдасақ, құрсақтағы баладай қателесеріміз анық. 
Өйткені мына әлем де ақырет әлемімен салыстырғанда 
ананың құрсағындай ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет