Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет11/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
мұқтаждық Оның ешкімге мұқтаж еместігін меңзейді. Қар 
мен жаңбырды бірнеше шақырым биіктіктен, түскен жерін 
жапырып, тиген жерін опыратын томардай-томардай, ірі-
ірі көлемде емес, жапалақтатып, тамшылатып жаудырып 
жердегі суға мұқтаждарға мейірімділікпен көмек беріп
медет жіберген Ұлы Құдіретті танымауға бола ма?
Әлемдегі теңдессіз жүйе дәлелі
Иә, төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып үйлесім-
ді жүйемен жүрген сансыз жымыңдаған жұлдыздар 
мен жан-жағымызды қоршап жатқан мың бір мағына-
хикметке толы жалпы жаратылыс – Ұлы Жаратушымыз-
ды танытатын ерекше алып кітап. Аспан әлемінің әрбір 
қабаты – бұл үлкен кітаптың жеке-жеке беттері, әрбір 
галактика – сол беттегі жеке-жеке мағыналы сөйлем, сол 
галактикалардағы әрбір жұлдыз – том-том кітаптарға пара-
пар мағыналы жарық сөз. Жер шары бұл үлкен кітаптың 
мазмұнын қамтитын негізгі беті болса, адам баласы сол 
беттің негізгі мазмұн-мағынасы. Барлығы Ұлы Жаратушы 
Алланы өз болмысымен танытып, Оның бар екендігін һәм 
бір екендігін күллі әлемге әйгілеп тұр.
Жалпы жаратылысқа қарағанымызда ондағы әр 
нәрсенің орын-орнында тұрғанын, арнайы өзіндік мән-
мағынамен безендіріліп, әрқайсысына белгілі бір міндет 
жүктелгенін көреміз. Әр нәрседен сұлулық, кемелдік, 
жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат сияқты 
керемет есеппен, нәзік жүйемен істеп тұр. Тіпті біздер 
сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге қарай 
есептейміз. Ендеше, өзіндік мағына-міндеті бар кішкентай 
иненің де белгілі бір ұстасының болатыны секілді, 
жаратылыстағы сұлулықтың, кемелдіктің, жүйенің, мән-
мағынаның да бір жаратушысы, қоюшысы болуға тиіс.


21
ИМАНИ ГҮЛ
Кейбіреулер айтатындай, бұл әлем өз-өзінен
кездейсоқ пайда болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені 
кездейсоқтық мына өте керемет жүйемен, нәзік те 
ғаламат есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз 
әлемді, жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан ал-
уан жан-жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік 
әлемін және мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылы-
сты жасайтындай күш пен ақылдан мақұрым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет