Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет180/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   237
Байланысты:
имани гүл

2. Қоғамға қатысты хикметтері:
А) Пайғамбарымыздың әйелдерінің басым көпшілігі 
пана тұтар ешкімі жоқ әрі жетім балаларымен жалғыз 
қалған жесір әйелдер болатын. Пайғамбарымыз жаңа 
дінді уағыздай бастағанда мұсылмандар мүшріктерден 
қатты жәбір көрді. Оларды сан алуан азаптарға душар 
етті. Ислам діні жаңа тарай бастағандықтан бір отбасында 
кейбіреулердің әйелдері мұсылмандықты қабылдағанымен 
күйеулері қарсы болатын, енді біреулерінің қыздары 
мұсылман болып, әкелері исламнан бас тартты. Мұсылман 
болған әйелдерге ең алдымен күйеулері, сосын әкелері 
қарсы шығып, жаңа діннен қайтуы үшін оларды аяу-
сыз таяқтың астына алып, шырқыратып жан шыдатпас 
азаптарға салатын. Бір жолын тауып күйеулерінен қашқан 
қорғансыз мұсылман әйелдерді пайғамбарымыз кейде 
сахабаларына кей тұстарда Алланың әмірімен, өзіне не-


293
ИМАНИ ГҮЛ
келеп, оларды мүшріктердің азабынан құтқарып, оларға 
пана бола білді.
Бір жанұяда кейде әйелі де, күйеуі де мұсылмандықты 
бірдей қабылдап жатты. Ерлері түрлі себептермен о 
дүниелік болған мұсылман әйелдер әке-шешесінің, ағайын-
туысының жанына барған жағдайда оны дереу өлтіретіні 
яки жан шыдатпас азапқа душар ететіндері сөзсіз еді. 
Осындай қорғансыз қалған жесір әйелдерді мүшріктерге 
қорлатпай аман алып қалу үшін пайғамбарымыз (с.а.у.) 
оларды өз ұсыныстары бойынша сахабаларға яки Алла 
Тағаланың әмірімен өзіне некелейтін. Міне, осындай 
қиын жағдайға тап болған мұсылман әйелдердің жара-
лы көңілдеріне медеу болып, жетімдерінің басын сипау 
үшін пайғамбарымыз үйлену сияқты қиын істі кейде өз 
жауапкершілігіне де алатын. 
Пайғамбарымыздың хазіреті Сәуда, Хафса, Мәймуна 
аналарымызбен үйленуінің астарында осындай мақсаттар 
жатыр.
б) Алла елшісінің көп әйелмен некелесуінде сол 
кездегі қоғамға тән кейбір ерекшеліктер назарға алынған. 
Мысалы, сахаба Әбу Бәкір, Омардың қыздарымен үйленуі 
арқылы Құрайыш руымен туысқандық байланыс құрды. 
Арабтарда туыстық қатынастар өте қуатты еді. Міне, осы 
туыстық сезім, байланыс арқылы құрайыш руының жаңа 
дінге жақындай түсулеріне себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет