Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет177/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
айтқандай Оның (с.а.у.) 
«нәпсіқұмар, әйелқұмар»
емес 
екенін дәлелдеуіміз қажет. Ол үшін пайғамбарымыздың 
өмір сүрген дәуірі мен қоғамын жетік білуіміз ләзім. Иә, 
ол дәуірдің
«надандық, қараңғылық»
дәуірі делініп, та-
рихта қара таңбасымен орын тепкені бәрімізге мәлім. 
Надандық пен қараңғылық үстемдік еткен бұл қоғамда 
зинақорлық ашықтан-ашық жасалды. Тіпті, зина жа-
саушы осы ұятты ісімен халық алдында мақтанып, атақ-
абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре шатасып, көптеген ба-
лалар өз әкесінен бейхабар-ды. Осыншалықты бұзылған 
қоғамда Пайғамбарымыз – өзінің ар-ұятына зәредей кір 
жуытпаған абзал тұлға. Ол өзінің алғашқы отауын жиыр-
ма бес жасында тіккен еді. Пайғамбарымыз күш-жігердің 
бойда тасып тұрған осы бойдақтық шағында да ұятты 
істерге маңайламады. Нәпсісін тежеп, өзінің ерік-жігеріне 
ие бола білді. Егер пайғамбарымыз осы жасына дейін 
әлдебір әйелмен заңсыз байланыста болған жағдайда, 
тырнақ астынан кір іздегіш дін дұшпандары мұны жерден 
жеті қоян тапқандай аттан салып күллі әлемге жар салар 
еді. Алайда, пайғамбарымыздың пәк өмірі мұндай лас 
істерден пәк болғандықтан, дін дұшпандарының діңкесі 
құрып, бұл туралы жақ аша алмауда. Демек, Мұхаммед 
(с.а.у.) – пайғамбарлық шағына дейін де нәпсіқұмарлық 
пен әйелқұмарлықтан аулақ болған, ар-ұятына қылаудай 
дақ түсірмеген абыройлы жан
163
.
Жиырма бес жасында өзінен он бес жас үлкен Ха-
диша анамызбен шаңырақ көтерді. Пайғамбарымыз 
Мекке қаласындағы, тіпті, дүниедегі ең сымбатты әрі 
ең сыйлы жан бола тұра өзінен он бес жас үлкен Хади-
ша анамызбен некелесті. Дін дұшпандары айтқандай
163
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати 
шубуһаатил-мушаккикин, 354-бет. Кайр қаласы, Мажлисул-ағла 
ли шуунил-Исламия. 2004 ж.


289
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз нәпсіқұмар біреу болғанда, өзінен он 
бес жас үлкен әйелге үйленер ме еді? Хадиша анамыз бай 
болғандықтан үйленді деген ой тіптім орынсыз. Себебі 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хадиша анамызбен үйленгеннен 
кейін барлық байлығын дін жолында кедейлерге таратып, 
өздері күнкөрісі қарапайым халықтан да төмен жұпыны 
өмір сүргенін ұмытпайық. Байлық үшін үйленген адам өзі 
әрең жеткен байлықты мұқтаждарға осылай оңды-солды 
таратар ма еді?! 
Хадиша анамызбен көтерген бұл киелі шаңырақтың 
дәм-тұзы жиырма бес жыл жарасты. Хадиша анамыз 
о дүниелік болғаннан кейін де пайғамбарымыз (с.а.у.) 
бес-алты жылдай бала-шағасымен жалғыз қала берді. 
Егер пайғамбарымыз әлгілер айтқандай әйел құмар 
болса, осыншама жыл қалай ғана ешбір ұятты істің 
көлеңкесіне де маңайламастан бойдақ жүре алды? 
Пайғамбарымыздың бұдан кейінгі барлық некелесулері
әйелге деген құмарлық сезімнің азаятын шағында ба-
сталды. Яғни, 53-54 жасында. Бұған қоса, Айша ана-
мыздан өзге некелескен жарларының барлығы да 
үлбіреген жас қыздар емес, жастары әжептеуір ұлғайған 
жесір әйелдер еді. Тіпті, көбінің бұрынғы күйелерінен 
бірнеше баласы да өздерімен ере келген болатын. Ал 
енді пайғамбарымыздың барлық некелесулері әйел 
құмарлықтан, нәпсіқұмарлықтан туындаған бол-
са, пайғамбарымыз қалыңдыққа жасы ұлғайған жесір 
әйелдерді емес, он екі де бір гүлі ашылмаған үлбірген 
жас қыздарды таңдар еді ғой. 
Күннен-күнге өрістеп кең етек алып бара жатқан 
жаңа дінді тоқтату үшін не істерлерін білмей абдыраған 
құрайыштықтар Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу 
Тәліпке келіп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет