Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Тағала оларға былай деп жауап береді:) Біз сендер-



Pdf көрінісі
бет195/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   237
Байланысты:
имани гүл

Тағала оларға былай деп жауап береді:) Біз сендер-
ге түсініп, ғибрат алатын адамның өміріндей мерзім 
бермедік пе? Әрі сендерге пайғамбар да келіп ескертті. 
Олай болса, азаптарыңды татыңдар! залымдарға 
ешқандай көмекші жоқ»
180
.
178
Зүмар сүресі, 7-аят.
179
Мүминун сүресі, 99-100-ші аят.
180
Фатир сүресі, 37-аят.


315
ИМАНИ ГҮЛ
Реенкорнация пікірі көне қауымдарда қате, жаңсақ 
сенім күйінде жалғаса келді. Қазіргі таңда бұл сенім кейбір 
адамдардың денесіне енген жын-шайтандардың олардың 
жүрек пен ақылдарына тікелей әсер етіп, өктемдік етуінің 
салдарынан болуы бек мүмкін. Пайғамбарымыздың 
хадисінде: 
«шайтан адам баласының қан тамырында 
жүреді»
делінеді емес пе? Ендеше, жын-шайтан адам 
баласының жүрегі мен ақылына тікелей әсер етуі арқылы 
реенкорнация сияқты еш негізі жоқ нәрсені бардай етіп 
көрсетуде.


316
Алла Тағала құранда: «Маған дұға етіңдер, 
сендерге жауап беремін» деп, құлдарының 
дұғаларын қабыл ететіндігін айтқан. Алай-
да біздің жасаған дұға, тілектеріміз көбінесе 
қабыл болмайды. Мұны қалай түсінуге
болады?
Иә, Құранның 
«Ғафир»
сүресінің 60-аятында 
Алла Тағаланың 
«Маған дұға етіңдер, сендерге жау-
ап беремін»
деген уәдесі бар. Алла Тағала құлдарының 
жасаған барлық дұғаларына жауап беруші. Алайда,
дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа. 
Аятта Алла Тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге 
жауап беретінін айтуда. Ал дұғада сұралған нәрсенің 
беріліп-берілмеуі яғни тілектің қабыл болып-болмауы 
Алла Тағаланың хикметі мен қалауына қарай жүзеге аса-
ды. Қарапайым бір мысал келтіре кетейік, бір сырқат адам 
дәрігерді көмекке шақырса, дәрігер оған 
«иә, не болды, не 
сұрайсың?» 
деп, оның шақыруына ілтипат білдіріп жау-
ап береді. Бірақ, дәрігер сырқаттың өзі сұраған барлық 
дәрі-дәрмегін дереу бере салмайды. Ауруын қарағаннан 
кейін, оның сұраған дәрісі шынымен-ақ ауруына шипа-
лы болса ғана береді. Сұраған дәрісі ауруына, яки басқа 
бір ағзасына кері әсерін тигізер болса, ол дәрінің орнына 
басқа бір шипалы дәрі беруі мүмкін.
Міне, дәл осы тәрізді Ұлы Жаратушымыз да 
құлдарының барлық жасаған мінәжат, дұға-тілектеріне жа-
уап береді. Бірақ сұралғанның бәрін қабыл ала бермейді. 
Себебі, біз көбіне мына пәни дүниенің өткінші пайдасын 
ғана күйттеп, мәңгілік дүниемізге кері әсері тиер нәрсені 
сұраймыз. Сұраған нәрсеміз кейбір жалған сезімдеріміз-
дің яки асығыс қабылдаған шешіміміздің нәтижесі болуы 


317
ИМАНИ ГҮЛ
ықтимал. Кейбір жақсылық деп пайымдаған нәрселеріміз 
біз үшін аяғында жамандық болуы мүмкін. 
Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет