Сабақтың тақырыбы : Жұмбақтар



Дата21.07.2017
өлшемі65,61 Kb.
#21524
түріСабақ
Шардара қаласы

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп

Халбекова Айгүл

Әдебиет 5 б сынып

Сабақтың тақырыбы : Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты : а)Жұмбақтар туралы толық мәлімет бере отырып, күнделікті өмірде қолдана білуге уйрету, бір нәрсенің белгілерін екінші бір нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері өнері екенін түсіндіру;

ә) Жеке тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен ізденуге, дүниетану жолындағы ой - өрісін, қиялының шамасын, сөздік қорын дамыту;

б) Сауаттылыққа, тапқырлыққа, әр түрлі заттарды түрлі қырлары арқылы танып білуге, шығармашылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, түсіндіру, іздендіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, интерактивті тақта , электронда оқулық, тірек сызба

Пәнаралық байланыс : тарих, қазақ тілі, сурет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

«Қайталау білім анасы»

1. Әдебиет сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін айтамыз ?

3. Тұрмыс салт жырлары дегеніміз не?

4. Мақал – мәтелдер дегеніміз не?

5. Қанатты нақыл сөздер дегеніміз не?

6. Нақыл сөздерден айтамыз

Жаңа сабақ: Жұмбақтар мен жаңылтпашттар

Екі топқа бөлу: «Болашақ», «Ұлан»


  1. Жұмбақ айту. Менің үш көзім бар.

Бір көзім кідір дейді,

Бір көзім жүгір дейді.

Бір көзім абайла дейді.

Қарап ал маңайға дейді. (Бағдаршам)

Мақал – мәтелге айналдыру. «Сақтықта қорлық жоқ».


  1. Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол- бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арақылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап, шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.» деген.

Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінңің бір түрі. Аты айтып тұрған , балаларды жаңылтып, жаңылмас үшін қайта – қайта айьқызып, дағдыландырып, сөзді жаңылмай, шапшаң айтуға үйрету мақсатында пайда болған. Жаңылтпаш сөздері ұқсас болады, бір дыбыстардың қайталануы жиі кездеседі. Ол әдейі солай шатыстыру мақсатында жасалады.

Жаңылтпаштарлың тіл үйренушілерге де пайдасы бар. Жаңылтпашттарды жиі қайталап, оқи берсе, қиын сөздерді, сөз тіркестерін қатесіз айтып үйренеді.Жаңылтпашттар адамдардың көңіл күйін көтеріп, эмоциясына жақсы әсер етеді.Ол шығармашылық еркіндікке апарады. Осыған ұқсас жаңылтпашттар сендер де құрастыра алатын боласыңдар.

Мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштардан басқа қандай халық ауыз әдебиетінің тағы қандай түрлерін білесіңдер?

І. Топтастыру стратегиясы

Халық ауыз әдебиеті

«Кітап - досың, ақылшың»

Оқулықпен жұмыс.Әр топ мүшелеріне бір- бір жұмбақ беріледі.

І топ. 1.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)

2.Қарап тұрсаң өзіңе

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі өзіңе (Айна)

3.Үсті тақтай,

Асты тақтай,

Ортасында әбзел тақтай (Тіс пен тіл)

ІІ топ. 1.Өлшеусіз піштім,

Жіпсіз тіктім. (Жер)

2.Жағалай – жағалай тас қойдым,

Жиран атты бос қойдым. (Тіл)

3. Бір бұлбұл отыралы салып әнді,

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.

Өнері қандай асқан деп ойладым,

Бір демде жер түбінен хабар алдым. (Радио)

Жаңылтпаш айту. Осыған ұқсас жаңылтпаш пен мақал – мәтел айту.

ІІ.Топпен жұмыс

Берілген кестені жұмбақтардың тақырыбы нені танытатындығын шешу арқылы толтыру





Жұмбақтың тақырыбы нені танытады?

Жұмбақтың шешуі


ІІІ. Суретпен сөйлесу.

Суреттер қою керек

Қыздың суреті , табиғаттын, ананың, әкенің,, бала, адамның дене мүшелері



ІҮ. Шығармашылық жұмыс (Жалғасын айту)

Жеті жұрттың тілін біл,

2.Әке көрген оқ жонар,

3. Жақсының ашуы

...................................................................................................................................................................

4. Жақсы жүрген жерін мақтап жүреді

....................................................................................................................................................................

Ү. «Кім тапқыр?» ойыны

Әр топқа жұмбақ жасырамын. Шешуін тауып, оған мақал – мәтелдер айтады.



  1. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. (таба нан)

  1. Судан алады,

Суға салса өледі. (тұз)

  1. Ерте тұрады,

Жар шақырады. (қораз)

  1. Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,

Тұяғы бейне болат алмас пышақ.

Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,

Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшат. (Үкі)


  1. Жер астында жездемнің қамшысы жатыр (жылан)

  2. Жылт – жылт еткен,жылға сайын өткен, бар адам безген. (жылан)

ҮІ. Сергіту сәті (Мақалмен жауап)

ҮІІ. Даналық ой

Қазақтың жұмбақтар туралы қазақ ғалымдарының айтқан сөзі



ҮІІІ. Сұрақтарға жауап алу пысықтау, сабақты бекіту.

«Біліміңді байқап көр»

  1. Ауыз әдебиетінің еретеден келе жатқан түрін белгілеңіз

А) поэма ә) жұмбақ б) поэзия

2. Бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқыл көрсету не деп аталады?

А) мақал – мәтел ә) ертегі б) жұмбақ

3. «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген кімнің сөзі?

А) С.Мұқанов ә) М.Әуезов б) А.Құнанбаев

4. Жұмбақтың тақырыптары қандай?

А) әр алуан ә) бір ғана ұғымды б) бір екі ұғымды білдіреді

5. Айдалада ақ отау.

Аузы – мұрны жоқ отау.

Бұл жұмбақ па, мақал – мәтел ме?



А) мақал – мәтел ә) ертегі б) жұмбақ



Не үйрендім

Не білгім келеді?

Келесі сабаққа ұсыныс- пікірлер, талап- тілектер

1










2










3










4










5










Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу, талдау, бес – алТы жұмбақ құрастыру.
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет