Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы



Дата20.06.2018
өлшемі24,33 Kb.
#43749
Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі

арабтық-мұсылмандық философия

Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.

«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.

Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Суфизмдегі дүние, Құдай және адам туралы ілім. Рухани өрлеу мен жетілудің суфийлік практикасы. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтары. Суфизм символизмі мен мистикалық практикасы. Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл-Газалидің үлесі. Суфизм және Омар Хайям, Ирандық суфизмнің символикасы мең мистицизмі.

Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялық ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.

Орта ғасырлардағы араб тілді философия мен мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік рухани даму процесінде алатын орны ерекше.

Мұхаммед (570-632) көшпелі араб тайпаларын біріктіруге тырысты. Арабтардың рухани қуаты молая түсті. VII ғасырдың ортасына таман араб хилифаты бұрынғы Рим империясынан да үлкен құрылымға айналды. Оның бірнеше рухани орталықтары болды.

Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығына, Шығыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен өнердің ошағына айналды.

VIII-XII ғасырлар аралығында араб әлемінде, алдымен Шығыста, сонан соң батыс облыстарында, әсіресе Испанияда ғылымдардың дамуы басталады.

Алдымен тригонометрия, алгебра, сонан соң оптика мен психология, астрономия, химия, география, зоология, медицина дамиды. Бірте – бірте философиялық, діни сипаттағы ізденістер де пайда болады.

Араб – мұсылман философиясын қызықтырған объектінің көп және кең болғанына қарамастан, оларды ерекше толғандырған бірнеше мәселелерді арнайы атап өткен жөн: Құдайдың мәні және оның жердегі өмірге қатынасы, мән мен құбылыстың, жалпы мен жекенің, о дүниедегі өмірдің құпиялары. Жан, ақыл, материя ұғымдары да мұқият зерттелді.

Жалпы араб философиясында екі түрлі ағым қалыптасты. Бірінші ағым грек философиясының дәстүрлерімен тығыз байланысты.

Шығыс – араб перипатетитзмнің дамуында екі тарихи кезең ерекше көзге түседі.

Бірінші кезең – IX-X ғасыр. Бұл Шығыстың атақты философтары әл – Кинди, әл – Фараби, ибн – Сина есімдерімен тығыз байланысты. X ғасыр араб мәдениетінің гүлденген кезеңі, не болмаса А. Мец айтқандай: «Мұсылмандық ренессанс» дәуірі.

Екінші кезең XII-XIII ғасырлар мұсылмандық Испаниядағы араб философиясының гүлденуі. Ибн Баджа, ибн Туфеиль, ибн Рушд сияқты философтар осы дәуірде өмір сүрген.

Екінші ағым – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құранға сүйенген философиялық концепциялар, мүтәкәлімдер, мүтәзәлиттер (VIII-IX ғасырлар), калам доктринасы (X-XII ғасырлар).

Орта ғасырлық араб мәдениеті көптеген халықтардың біріккен еңбегі арқылы дүниеге келді. Оның қалыптасуына арабтармен қатар парсылар, сириялықтар, еврейлер, сонымен қатар, қазіргі қазақтардың, өзбектердің, тәжіктердің, түркмендердің арғы аталары атсалысты.

Көп жақты және әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара ұшырасып, тоғысуы нәтижесінде жоғары шығармашылық сапаға көтерілді.

Араб орта ғасырлық ойлау мәдениетінің ерекшелігі – оның дін догматтарынан тыс, дербес дамуы. Сондықтан да жалпы орта ғасырларға тән теологиялық сипаттағы құдай және оған адамның қатысы туралы мәселе әл-Фараби, ибн Сина, Бируни, ибн Рушд еңбектерінде жалпы мен жекенің, қоғам мен адамның, мәндік күштері мен қабілеттерінің адамның өзіне қатынасы туралы мәселе айналды.

2. Калам - мұсылмандық қағидаларды рационализм тұрғысынан түсіндіру. Оның негізін әл—Ашари қалаған. Өзінің ізденістерінің негізгі нысаны ретінде Құранның қасиеттілігі, Алланың атрибуттары, әлемнің жаратылуы және оның ақыры, күшті жаза сияқты мәселелері алынған.

Каламдағы ең іргелі ұғым – Алланың жалғыздығы мен біртұтастығын негіздеу.

Ислам VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болып, Шығыс мәдениетіне үлкен өзгеріс алып келді. Оның негізін қалаушы Мұхаммед Алланың жалғыз екенін уағыздап, соған ғана құлшылық етуге шақырады.

Адамзат баласы «Алланың жалғыз екенін мойындап, оның елшісі Мұхаммед» белгі бергеннен кейін ислам дінін қабылдады, яғни мұсылман болды – деп санайды. Бұл Алламен келісім – шартқа келді дегенді білдіреді. Қасиетті кітап араб тіінде жазылған. Сондықтан ислам дініне сенушілер араб тілін үйренуге міндетті болды. Халифат территориясында араб тілі – негізгі тіл болды.

Каламды басқаша мүтәкәлімдер деп атайды. Калам деген араб ұғымы қазақ тілінде – сөз деген мағына береді.

Калам әлемнің атомистік құрылымын қабылдайды. Заттар атомдардан құралады. Бірақ оның пайда болуы құдайдың еркіне тәуелді. Құдай қаласа, заттар атомдардан түзіледі, қаламаса түзілмейді.

Шексіздік Құдайдың қасиеті, өйткені заттар табиғатынан тұрақсыз.

Адамдардың себеп, салдар деп жүргені түк емес, шын мәнінде, құдай олардың санасында сондай дағдыны туғызады. Әлем заттармен бірге ұдайы өзгеріп отырады, бірақ жеке заттардың өзінде жеке немесе жалпы ұдайы байланыс болуы мұмкін емес. Ол Құдайдың шектелмеген еркіне байланысты. Адам ешуақытта еркін бола алмайды. Ол құдайдың әмірін орындап отырады.

3. Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған.

Әл – Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған.

Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған.

Философиямен терең айналысу үшін математиканы білу қажет дей отырып, әл – Кинди ғылымдардың жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан туралы ғылым» арифметика мен гармония, алаңды өлшейтін ғылым – геометрия, жұлдыздар туралы ғылым – астрономия кірген. Төртінші орында алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым тұрған. Өйткені, гармония немесе үйлесімділік барлық жерде бар, яғни дыбыстарда, әлемнің құрылымында, адамның жанында т.т. осы төрт ғылымның негізін сан туралы ғылым қалайды, өйткені сан болмаса, ешнәрсе де болмас еді.

Математиканың ерекше проподевтикалық ролін көрсете отырып, әл – Кинди философияның рационалдық табиғатына көңіл бөледі. Философия – барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол – материя, форма, орын, қозғалыс және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары туралы ілім.

Әл – Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл – Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл – Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты.

Аристотельден негізгі айырмашылығы әл – Фараби, ең алдымен, әлемнің пайда болуы, әсіресе адамның пайда болуы, иерархиялық болмыстағы адамның ролі мен орнын анықтауға тырысты. Әл – Фараби өзінің космологиясындағы негізгі көптүрді Аристотельден алды және оны әрі қарай жалғастырды.

Аристотельдікі сияқты әл – Фараби космосында да жоғары құбылыс - аспан аяқталған, ал төменгі құбылыс – жер аяқталмаған. Аспан денелерінен төмен тұрған болмыс өмір сүру сатысы бойынша әлі аяқталмаған.

Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғарғы, төмен, оңды - солды бөліктері өзара бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Бөліну кезінде пайда болатын орта бөлік осындай күш болып табылады. Әлемді бір - бірін жалғап, басын қосып тұрған әлемдік күш бар. Ойшыл күшті бірнеше топқа бөледі.

Әл – Фарабидің пікірі бойынша, бірінші болмыс – Құдай. Ол екінші болмыс пен белсенді интеллектің негізгі себебі болып табылады. Екінші болмыс аспан денелерінің пайда болуының себебі. Жеке аспан денелерінің қалыптасуы екінші болмысқа тәуелді. Дәрежесі бойынша ең жоғарғы екінші және ең төменгі сфераларда өмір сүретін екінші болмыстан жеке сфералар қалыптасады. Екінші болмыстың саны аспан денелерінің санына сәйкес келеді. Екінші болмыс деп біз жаны бар заттар мен періштелерді және тағы басқаларды айтамыз.

Әлемнің шыққан тегі, негізі бір – ол әлемдік нұр. Әлемдік нұр деген ұғым Плотиннің эманация теориясын бірден еске түсіреді. Әлемдік нұрдан бүкіл тіршілік дүниесін тудыратын әлемдік ақыл тарайды.

Фарабидің әлемдік ақылы өзін өзі бейнелеп қана қоймай, тануға да жетелейді. Оның өзіндік болмысын қамтамасыз ететін бірінші әрекеті, екінші ақылды тудырады. Екінші ақыл материя мен форманың бірлігі болып табылатын жанды тудырады.

Осыған ұқсас эманация процесі одан әрі жалғасып, қозғалысқа келтіріп, жан бітіретін өзіндік күштері бар Сатурн, Күн, Шолпан, тағы басқа планеталар дүниеге келеді. Ай астындағы соңғы сфераның ақылын әл – Фараби әрекетшіл ақыл деп бағалайды. Өйткені, ол әлемдік ақылды да, жеке адамның ақылын да тудырады.

Сонымен қатар, ол аспан денелерінің көмегімен адамдар, жануарлар, өсімдіктер, минералдар құралатын төрт жер стихиясын қозғалысқа келтіреді.

Бұл әлемдік үлгіде адамға ерекше көңіл бөлінген.

Әл – Фараби адам жанының тәннен басқа мәні бар екенін айтады. Бірақ бұл мәселеде Шығыс елдерінде өте ықпалды болған неоплатонизм дәстүрін қолдамайды. Ол жанның тәннен бұрын немесе кейін өмір сүретінін мойындамайды. Жанның қызметтерін анықтауда оған «Бірінші ұстаз» Аристотельдің әсері тисе керек, өйткені ол жан мен тәннің өзара байланысын атап көрсетеді. Адамның өсімдіктен, жануардан айырмашылығы оның жанының рухани қызметтерінде, яғни әдемілік пен жетілгендікті қабылдауында.

Адамның таным функциялары сезімсіз іске аса алмайды. Қабылдау мен қиял – сезімдік білімнің негізгі құралдары. Бірақ олар болмыстың іргелі анықтамалары мәнді игере алмайды. Ол тек ақылға ғана тән.

Ақылда ғана адамның жоғары танымдық қабілеттері дами алады. Өйткені ақыл болмыстың мәнін игереді.

Ибн-Сина (980-1037) – ғалым – философ, дәрігер, Шығыс перипатепизмінің көрнекті өкілі. «Сауықтыру кітабы» және «Құтқару кітабы» деп аталатын екі атақты шығарманың авторы. Ойшылдың бұл кітаптарында осы дәуірдің көрнекті дәрігерінің этикалық ізденістері көрініс тапқан.

Ибн Сина барлық ғылымдарды теориялық және практикалық деп екіге бөлген. Этиканы жеке адамның тәртібі туралы ілім, экономиканы үй жұмыстарын басқару ғылымы, саясатты халықты, мемлекетті басқару және ұйымдастыру туралы ілім деп анықтаған. Бұл ғылымдардың бәрі практикалық сипатта, өйткені олар адамның іс - әрекетімен тығыз байланыста.

Теориялық ғылымдарға метафизика, математика, физика жатқызылған.

Авиценаның ғылым теориясы әлемнің танылатына негізделген. Ғалым өзінің күшімен адам дүниені тани алатынына сенген.

Авиценна логиканы жоғары бағалаған. Аристотель сияқты ол да логиканы теориялық ғылымдардың қатарына қоспаған, бірақ барлық негізгі философиялық еңбектерінде оны философияға кіріспе ретінде алған. «Даниш – намеде» ибн – Сина логиканы «ғылым - өлшемі» деп атаған. Өйткені кез келген білімнің нақтылығы, танымдық деңгейі логика арқылы белгілі болады.

Метафизика болмыс туралы жалпы ілім деп анықталады.

Метафизика зерттейтін төрт түрлі болмыс бар. Біріншіден, ешқандай денелік белгісі жоқ, таза рухани құбылыстар, оның ішіндегі маңыздысы – Құдай. Екіншіден, материямен тығыз байланысты болмыс, мысалы, аспан денелері. Үшіншіден, кейде тәнмен бірге, кейде одан тыс өмір сүретін заттар, мысалы, субстанция, сана, қажеттілік, мүмкіндік. Төртіншіден, метафизика материалдық заттарды және олармен біте қайнасқан ұғымдарды зерттейді.

Ибн Синаның пікірінше, әлем құдайдың эманациясы арқылы қажеттілік негізінде қалыптасты. Құдай бейтарап, әлем материалды, құдай сияқты ол да мәңгі. Табиғи заттар бір – бірімен себеп салдарлы байланысқан, онда табиғи заңдылықтар үстемдік жасайды.

Араб перипатетизмнің шыңы – ибн Рушд немесе Аверроэс, мұсылмандық Испанияның орталығы Кордовада өмір сүрген. Аристотельдің ізімен ол да барлық адамдарға ортақ бейтарап әлемдік ақыл деп пайымдады, оның философиясы материалистік сипатта дамыды., ол алдыңғы қатарлы араб ойшылдарының және Аристотель ілімдерін синтездеу нәтижесінде схоластика мен католицимзге қарсы бағытталған ілімді жасады.

Осыған сәйкес жеке адамның жанының мәңгілік тегін теріске шығарды, бірақ бүкіл адамзат мәңгілік деп есептеді.

Ибн - Рушд «екі жақты ақиқат» ілімін жасады. Мұның көмегімен философия мен ғылымды діннің бақылауынан босатуға әрекет жасады. Ойшылдың бұл қадамы философияның кейінгі дамуына оң ықпал етті.

4. Сопылық – исламдағы мистикалық бағыт. Оның тану объектісі - Құдай. Оны танып білудің өзіндік ерекшелігі бар, өйткені Құдай сияқты өте қасиетті объектіні тануға логикалық ойлау немесе парасаттың шамасы келмейді. Ол үшін ерекше бір жағдай – адам жанының терең түкпірінде жататын бір киелі күш қажет. Ондай күш бар ма? Бар болса, ол қандай күш деген сұрақтар бірден көкейге оралады. Иә, адамды адам ететін, оған ерекше рухани қуат беретін, оның өмірін мәнді де сәнді ететін, жүрегігің түкпірінде нәр алып, әрдайым жанып тұратын ерекше күш – ол сүйіспеншілік Құдайтану адамнан ерекше әсерленушілікті, сүйіспеншілікті, онымен ерекше сырласуды қажет етті.

Құдай тану – ерекше сүйіспеншілік сезімін бастан кешіру. Құдай, ең алдымен, сүю объектісі, ал оған шын көңілімен берілген сопылар шексіз сүюшілер.

Сопылық жолына түсіп, құдай сұлулығын танудың алғы шарттарының бірі – Аллаға махаббат болып табылады. Махаббат бар жерде үлкен пәктік те, терең жан тәрбиесі де, тұнық сезімталдық та бар.

Сопылық жол – Алла тағалаға жетудің, Құдайды танудың сүйіспеншілік жолы.



Сопылық жолының төрт сатысын көрсетуге болады:

    1. «шариат» - мұсылман дінінің заңдарын бұлжытпай орындау;

    2. «тарикат» - беделді қария сопының айтқанын тыңдайтын, орындайтын «мюрид» ролінде болу; дұға оқу және сапалы байқау нәтижесінде жеке ерікті басып тастау;

    3. «марифат» - ақылмен емес жүрекпен құдайдағы әлемнің бірлігін тану, барлық діндердің бірдейлігі, жақсылық пен жамандықтың салыстырмалылығы.

    4. «хакикат» - құдаймен танып болғанның толық бірігуі.

Сопылар жалғыз беп көптің, құдай мен адамның қатынасын ерекше атап, соның мәнін іздегендіктен көптеген адамгершілік этикалық ұғымдарға кезігеміз.

Сопылық өз бетінше ойланып, еркіндікке ұмтылатын адамдарды қызықтырды. Өйткені ол таяу Шығыста әруақытта бағаланатын бейтарап ой – қиялмен емін – еркін айналысуға мүмкіндік берді. Сопылық ұғымдарын пайдалана отырып, сырт көзге исламның аясында қалып, бірақ іс жүзінде одан шығып кетуге болатын еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет