Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк



бет13/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ

Глоссарий



  • Ашық сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және тарату мақсатымен, әдістемеде қиын және жеткіліксіз өңделген оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді.

  • Іс-әрекеттегі зерттеу - практик-мамандардың мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болатын, мектеп базасында жүзеге асырылатын үрдіс.

  • Сабақты зерттеу - ынтымақтастықта жұмыс жасайтын мұғалімдер тобының оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделей отырып жүргізетін үрдісі.

  • «Оқушы үні» жобасы – оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру, оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық әзірлеу, мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін үрдіс.

  • Бақылау – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.

  • Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау – зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.

  • Кері байланыс – белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет