Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк



бет1/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ



САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ
Әдістемелік нұсқаулық

КАК ПРОВЕСТИ КАЧЕСТВЕННОЕ
ИССЛЕДОВАНИЕ УРОКА
Методические рекомендации

Астана 2016



УДК
ББК
А (авторский знак)

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының


Әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства


АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Рецензенттер: Фамилия И.О., ученая степень, должность и место работы
Фамилия И.О., ученая степень, должность и место работы
ФИО автора
Сабақты зерттеуді қалай сапалы жүргізуге болады: әдістемелік нұсқаулық / ФИО автора – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 33 бет.
Әдістемелік нұсқаулықта Сабақты зерттеу үрдісінің тарихы мен осы үрдістің түрлері туралы сөз қозғалады. Автор өз тәжірибесі негізінде зерттеудің тиімді қадамдарын ұсынған.
Әдістемелік нұсқаулық мектеп мұғалімдеріне Сабақты зерттеу үрдісі бойынша сапалы зерттеу жасауға көмектеседі және өз тәжірибесін жақсарту үшін Сабақты зерттеумен айналысқысы келетін мектеп мұғалімдерінің кез-келген категориясына арналған.

В рекомендациях речь идет об истории процесса Исследования урока и видах этого процесса. Автор, на основе собственного опыта предлагает эффективные шаги проведения исследования.


Методические рекомендации помогут учителям школы качественно проводить Исследование урока и предназначены для любой категории учителей, желающим заниматься Исследованием урока для улучшения своей практики.


УДК
ББК

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ


Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
© АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Центр педагогического мастерства, 2016

МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................4
Сабақты зерттеу үрдісінің түрлері ..........................................................................6
Сабақты зерттеу үрдісі мен ашық сабақтардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтары...................................................................8
Сабақты зерттеу үрдісінің тиімділігі......................................................................10
Сабақты зерттеу үрдісі бойынша тәжірибелік нұсқаулық...................................12



  • 1. Сабақты зерттеуді қандай мақсатпен жүргізу қажет?...............................13

  • 2. Сабақты зерттеуді жүргізу...........................................................................14

  • 3. Бірінші Сабақты зерттеуді жоспарлау........................................................16

  • 4. Бақылаудағы оқушыларды анықтау............................................................16

  • 5. Бірінші Зерттеу сабағын өткізу....................................................................20

  • 6. Сабақтан кейін оқушылардың пікірін білу.................................................23

  • 7. Зерттеу сабағынан кейінгі талқылау............................................................24

  • 8. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру................................27

  • 9. Сабақты зерттеуге арналған уақытты жоспарлау

және оны мектеп бағдарламасына енгізу........................................................28

  • 10.Сабақты зерттеу үрдісі негізінде

кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау.............................................................28
Қорытынды................................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................32
Глоссарий...................................................................................................................33


Кіріспе
Бүгінгі жаһандануға қарыштап қадам басқан заманда халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Бұл мұғалімдердің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді. Ал, мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін әрбір ұстаз өзінің кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы керек.
Мұғалімнің кәсіби білімін үздіксіз жетілдірудің тиімді әдістерінің бірі – Сабақты зерттеу үрдісі.
Сабақты зерттеу (Lesson study) Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда болды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үрдісті Сабақты зерттеу (Lesson study) деп атады. Содан кейін Сабақты зерттеу тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге берілді. 1999 жылға дейін Жапондықтардан басқа Сабақты зерттеу үрдісін шамалы адамдар ғана білетін. Тек Жапониядағы мұғалімдер ұзақ уақыт бойы Сабақты зерттеуді тәжірибеде қолданған. Батыста Сабақты зерттеу америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). Екіншіден, Жапониядағы Сабақты зерттеудің қуатты импульсының бүкіл әлемге танымал болуына 1999 жылы жарыққа шығарылған «Оқытудағы олқылықтар» (Teaching gap) кітабынан байқауға болады. Teaching gap – Сабақты зерттеу үрдісін бүкіл әлемге танымал еткен алғашқы кітап (Т.Чичибу, Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Астана, 2013ж).
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықтың негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдеріне Қазақстан мектептеріне оқыту сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып табылатын, жаңадан енгізіліп жатқан Сабақты зерттеу үрдісінің қадамдарын үйрету, тәжірибеге енгізуге бейімдеу.
Әдістемелік нұсқаулықты пайдалану арқылы мектеп мұғалімдері:

  • Сабақты зерттеу үрдісін не үшін жүргізетіндерін түсінеді;

  • Зерттеу қадамдарымен танысады;

  • Тәжірибе негізінде алынған ұсыныстарды өз тәжірибелеріне пайдалана алады;

  • Сабақты зерттеу тобын құрудың қыр-сырын меңгереді;

  • Зерттеу сабағын талдаудың, нәтижесін әріптестеріне таныстырудың жолдарын үйренеді.

Осы әдістемелік нұсқаулық жалпыға бірдей білім беретін мектеп мұғалімдерінің бірнеше тобының Сабақты зерттеу үрдісін өткізулеріне тренерлік қолдау көрсетіп, басшылық жасап, олардың әрекеттерін бақылау арқылы жасалған қорытындылар негізінде жазылды.
Әдістемелік нұсқаулық өз тәжірибесін жақсартқысы келетін, ынтымақтастықта жұмыс жасай алатын мектептегі мұғалімдердің кез-келген категориясына арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет