3,4. Бірінші Сабақты зерттеуді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау.
Т.Чичибу өзінің «Сабақты зерттеу әдісін мектептерде қолдану» таныстырылымында бірінші зерттеу сабағын жоспарлау үшін шамамен 1 айдың көлемінде 2-ден 6-ға дейін кездесу өткізген дұрыс деп көрсеткен. Біздің жағдайымызда, яғни Сабақты зерттеу үрдісі бойынша тәжірибеміз өте аз болып тұрған жағдайда және үрдісті жаңа бастаған мұғалімдерге зерттеу сабағының жоспарын әзірлеуге екі кездесу аз болатыны анық. Келесі ұсынылатын кестеде осы кездесулердің әрқайсысында не қарастырылуы мүмкін екенін ұсынамын:
Кездесулер
|
Не қарастырылады
|
Бірінші кездесу
|
Топ мүшелерінің тізімі бекітіледі;
Зерттеу сұрағын, мақсатын, қандай әдісті немесе стратегияны зерттейтіндерін келіседі;
Зерттеу сыныбын таңдайды;
Бірінші циклде зерттеуді қай пәннен және қай күні өткізетіндерін келіседі;
Сабақ жоспарының алғашқы нұсқасын кім жазатынын келіседі;
Жұмыстың нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесімен келіседі, келесі кездесулердің жоспарын жасайды (қай күндері және сағат нешеде);
|
Екінші кездесу
|
Жоспардың түпнұсқасын талдайды;
Өзгерістер енгізеді, ұсыныстар жасайды;
Сыныптағы бақылауға алынатын (А, В, С деңгейлі) оқушыларды белгілейді;
А, В, С деңгейіндегі оқушыларды бақылайтын мұғалімдер анықталады;
|
Үшінші кездесу
|
Жоспарды талдайды, ұсыныстар арқылы түзетулер енгізеді;
Зерттелетін стратегия бойынша оқушылардың болжамды жауаптарын жазады;
А, В, С деңгейлі оқушылар үшін бақылау парақтарын әзірлейді (нұсқаулықтағы 1-кесте);
Оқушылардан алынатын интервью сұрақтарын әзірлейді (нұсқаулықтағы 2-кесте);
|
Төртінші кездесу
|
Егер Сабақты зерттеу тобы жоспарларына күмәнданатын болса, эксперттерге (тәжірибелі мұғалімдер, тренерлер, т.б.) жүгінеді; (Қажет болған жағдайда бесінші және алтыншы кездесулерді ұйымдастыру керек)
|
Кездесулер барысында тағы да нақтылай кететін мәселелер бар.
Сабақты зерттеуді неден бастау керек? Әрине, зерттеу сұрағынан! Зерттеу сұрағы – нақтылап айтсақ, оған жауап – бұл зерттеу нәтижесінде мұғалімнің алатын білімі. Зерттеуші-мұғалім өзі үшін зерттеу сұрағының неге маңызды екенін, зерттеу сұрағының арқасында осы сұрақты маңызды деп санайтын пікірлестер тобын іріктей алатынын білуі керек. Зерттеу сұрағы зерттеудің мәнін нақты түсіндіретіндей етіп әріптестеріңізбен бірлесе келесі кестені толтырыңыздар:
Зерттеу сұрағы:
|
маңызды, себебі…
|
мағызды емес, себебі…
|
Зерттеу бойынша басқа ұсыныстар
|
|
|
|
|
Бұл кесте сіздердің жоспарлаған зерттеулеріңіздің маңыздылығы мен өзектілігін, сондай-ақ, зерттеу сұрағын қаншалықты нақты және түсінікті етіп құрылымдағандарыңызды көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсатынсыз жұмыс жасау тағы мүмкін емес. Зерттеудің мақсаты оның соңғы нәтижесіне бағытталуы керек, яғни, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін оқу процесінде таңдалған тәсілді қалайша дамыту керек екенін білу үшін оқыту процесіне бағытталу керек. Зерттеу мақсаты оның негізгі міндеттерінің құрылымын көрсететіні белгілі. Сондықтан, зерттеу мақсатын қоюда және сабақты жоспарлауда SMART талаптарды ұмытпаған дұрыс:
Алғашқы кездесуде зерттеу тобының барлығын қанағаттандыратындай бірлескен әрекеттің нақты жоспарын жасап алу керек. Мысалы,
Оқу жылындағы ай
|
Сабақты жүргізетін мұғалімнің ТАӘ
|
Сабақты жүргізу мерзімі
|
Сабақ жоспарын талдау бойынша кездесу мерзімі (күні және кездесу уақыты көрсетілген жөн)
|
қыркүйек
|
|
|
|
қазан
|
|
|
|
қараша
|
|
|
|
|
|
|
|
Мұндай жоспар зерттеу жұмысы барысында топ мүшелерінің жауапкершілік сезімдерін арттыру үшін өте қажет.
Зерттеу нысанына алынған сыныптағы әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары (А деңгейлі), орта (В деңгейлі), төмен (С деңгейлі) көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алуда зерттеу тобының мүшелері бір келісімге келгендері дұрыс, себебі кейбір оқушылар математикадан жоғары көрсеткішке ие болғанымен, гуматитарлық пәндерден төмен көрсеткіш көрсетуі немесе керісінше болуы мүмкін.
Зерттеу сабағы басталмас бұрын бақылаушы мұғалімдердің әрқайсысы сабақ кезінде нақты қай оқушыны (А, В, С деңгейлі) бақылайтындықтарын алдын ала келіседі.
Зерттеу сабағының жоспарын жасау барысындағы бірнеше кездесудің нәтижесінде зерттеу тобының әр мүшесінде:
жетілдірілген, топ мүшелерінің шешімі бойынша сапалы деп есептелген, құрамында оқушыларға берілетін тапсырмалар және сабақтың қандай да бір этапында зерттелетін әдістеме немесе стратегия көрсетілген, сол әдістемені пайдалану барысында А, В, С деңгейлі оқушыларға арналған табыс критерийлері, оқушылардың беретін болжамды жауаптары жазылған сабақ жоспары (көшірмесі);
сабақ барысында А, В, С деңгейлі оқушыларға арналған табыс критерийлері, оқушылардың болжамды жауаптары жазылған, оқушылардың жетістігін тіркеп отыратын, зерттеу нысанына алынған әр оқушы үшін бақылау парақтары;
сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардан алынатын интервьюге арналған сұрақтар жазылған парақ болуы керек.
Нұсқаулықта берілген Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылауға арналған 1- кестесінің үлгісі (бұндай кесте А, В, С деңгейлі оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке дайындалады):
Пәні________________ Сабақтың тақырыбы__________ Бақылаушы мұғалім___________
Осы Зерттеу сабағында оқу мақсаты қандай (ол тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлігі болуы мүмкін)....................................................................
Осы Сабақты зерттеуде қандай әдістемені жетілдіруді/әзірлеуді мақсат етіп қойдыңыз?......................................................................................................................
|
Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері
Олардан сабақ соңында белгілі бір аспект бойынша қандай нәтиже күтетініңізді сипаттаңыз
|
Бақылаудағы А оқушы.............................................
Осы оқушыға арналған табыс критерийлері
|
Тізбектелген сабақтар топтамасының кезеңі
|
А оқушы қалай жауап береді деп күтесіз
|
Бақылау кезеңінде ол қалай жауап берді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |