Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк


Зерттеу сабағынан кейінгі талқылау



бет10/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ

7. Зерттеу сабағынан кейінгі талқылау.
Нұсқаулықта: «Сабақты зерттеу тобына мүмкіндік болса сабақтан кейін бірден жиналу қажет (әрине, сабақ өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Сіз топ мүшелерін Сабақты зерттеуден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстыра аласыз:
1. Сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2. Бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
3. Сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;
4. Бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
5. Талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;
6. Талқылау барысында Lesson Study тобының білім алғандығын жазып алып отыратын және соңында осы топ мүшелеріне немесе топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп қызметкері болмауы да мүмкін (Takahashi, 2005)», деп көрсетілген.
Ал, біздің жағдайымызда, яғни Сабақты зерттеу үрдісі жаңадан мектептерге енгізіліп жатқан кезеңде талқылауды төмендегі реттілікпен жүргізуді ұсынамын (жоғарыда айтылғандай, сабақ аяқталғаннан кейін, 24 сағаттан кешіктірмей талдау керек):
Бірінші жағдай – зерттеу сабағына мектептегі басқа әріптестерін шақырмай, тек Сабақты зерттеу тобы өздері өткізген сабақты талдау (бұндай жағдай Сабақты зерттеу үрдісі мектептерде әлі де толыққанды жүзеге асырылмай немесе мектеп ұжымы толық тартылмай жатқан жағдайда және Сабақты зерттеу үрдісі Мектептің даму жоспарына толық енгізілмеген жағдайда):

  • А, В, С деңгейлі оқушыларды бақылаған мұғалімдер оқушылардан сұхбат алады;

  • Бақылаушы мұғалімдер сабақ барысында өздері бақылаған оқушыларының жетістігі немесе төмендеуі жайлы бақылау кестесіндегі жазбаларына, оқушының берген жауабын болжам жауаптарымен салыстыра отырып және алынған сұхбат негізінде оқушы ойының бақылау нәтижелерін қаншалықты растайтыны туралы қорытындыларын кезекпен айтады;

  • Сабақты жүргізген мұғалім сабақ жүргізу барысында өзінің байқаған ақпараттарымен бөліседі;

  • Сабақ барысында алынған деректер: жетістіктер мен кемшіліктер негізінде келесі сабақта зерттеліп жатқан әдістемені қалайша жетілдіруге болатыны туралы өз ойларымен бөліседі;

  • Келесі циклде өткізілетін пән бойынша сабақ жоспарының түпнұсқасын жазатын мұғалім әріптестерінің пікірін ескереді.

Екінші жағдай – зерттеу сабағы ашық сабақ түрінде өткізілген, яғни Сабақты зерттеу тобы зерттеу сабағына мектептегі басқа әріптестерін қатыстырып өткізген сабақты талдау:

  • А, В, С деңгейлі оқушыларды бақылаған мұғалімдер оқушылардан сұхбат алады;

  • Сабақты талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға), бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады және талқылау нәтижесін жазып отыратын хатшы тағайындау (ол нұсқаулықтағы 3-кестені толтырады);

  • Сабақты зерттеу тобының кез-келген мүшесі (ол – сабақты жүргізген мұғалім болуы да мүмкін) сабақты талдауға қатысып отырған әріптестерін өткізілген зерттеу сабағының мақсатымен, сабақта қандай әдістемені немесе стратегияны зерттеуді жоспарлап, жүргізгендерін, ол әдіс сабақтың қай этапында қандай тапсырма арқылы жүзеге асырылғаны туралы таныстырады;

  • Бақылаушы мұғалімдер сабақ барысында өздері бақылаған оқушыларының жетістігі немесе төмендеуі жайлы бақылау кестесіндегі жазбаларына, оқушының берген жауабын болжам жауаптарымен салыстыра отырып және алынған сұхбат негізінде оқушы ойының бақылау нәтижелерін қаншалықты растайтыны туралы қорытындыларын кезекпен айтады;

  • Талдауға қатысып отырған мұғалімдер 4-5 адамнан топтарға біріктіріледі (топтық талдаудың нәтижесінен хабардар болу үшін Сабақты зерттеу тобының әр мүшесін әр топқа бөліп отырғызған пайдалы болады);

  • «Мұғалімнің жетістіктері», «оқушылардың жетістіктері», «мұғалім тарапынан жақсырақ жасауға болатын тұстар», «оқушы тарапынан жақсырақ жасауға болатын тұстар» деп төрт бөлікке бөлінген плакат көрнекі жерге ілінеді:




  • Әр топқа бірнеше әр түрлі стикерлер (4 түрлі болғаны жақсы) таратылады;

  • Топ мүшелері зерттеу сабағында өздерінің сабақ бойы бақылау барысында байқаған әрекеттерін топ ішінде талдап, нәтижелерін стикерлерге жазып, кестенің сәйкес орындарына орналастырады (әр стикерге бір ғана пікір жазу керек, себебі, стикерлерді топтастырғанда бір стикердегі екі пікірді бөлу кедергі туындатады), яғни әр мұғалім сабақ бойынша терең кері байланыс беруге мүмкіндік алады;

  • Кестеде орналасқан стикерлер мазмұндарына сәйкес топтастырылады;

  • Кестенің «мұғалім тарапынан жақсырақ жасауға болатын тұстар», «оқушы тарапынан жақсырақ жасауға болатын тұстар» бөлігіндегі топтастырылған стикерлер әр топтарға бөлініп беріледі;

  • Топ мүшелері өздерінің үлесіне тиген стикерлердегі жақсырақ жасауға болатын тұстар бойынша шешу жолдарын талқылап, ұсыныстарын ортаға салады;

  • Әр топтан бір мұғалім өздерінің ұсыныстарын басқа әріптестеріне таныстырады, басқа топтағы мұғалімдер де өз ойларымен бөліседі;

  • Осылайша Сабақты зерттеу тобы өздері өткізген зерттеу сабағы бойынша терең кері байланыс алады, оны келесі циклде пайдалануды жоспарлайды.

Бұл – бірінші цикл. Сабақты зерттеу үрдісі кем дегенде үш циклден тұратындықтан, келесі циклдерде 3, 4, 5, 6 және 7 қадамдар ретімен кем дегенде үш рет қайталанады.
Нұсқаулықта ұсынылған талқылау барысында жазба жүргізуге арналған 3-кестенің үлгісі:

Сабақ қорытындысы бойынша талқылаулар жазу




Бақылаудағы А оқушы

Бақылаудағы В оқушы

Бақылаудағы С оқушы

Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол
жеткізді? Ол жеткілікті
болды ма? Олардың
сыныптарындағы басқа
оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?










Енгізіліп жатқан әдіс
қалай көмектесті немесе кедергі келтірді (екеуі де болуы ықтимал)? Қандай тосын оқиғалар болды?










Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай
аспекті(лері) түзетілуі керек?










Келесі жолы біз не
істеуге тырысуымыз
керек?












Сабақты зерттеу үрдісі бойынша өткізілген бірнеше оқыту семинарларының тәжірибелік кезеңдеріндегі зерттеу сабақтарын, өзімнің басшылығыммен өткізілген мектеп мұғалімдері тобының зерттеу сабақтарын жоғарыда ұсынылған алгоритм бойынша талдауды қолданып келемін, әрине, алғашқы талдау алгоритмі біраз өзгерістерге ұшырап, жетілдірілді. Сабақты талдауға қатысқан әріптестердің берген кері байланыстарынан осы типтегі талдау үрдісі ұнағандарын, дәстүрлі ашық сабақты талдау кезіндегідей мұғалімнің кемшілігін көрсетпей, олардың тәжірибесін жақсарту бойынша жасалатын ұсыныстар мұғалімдерге анағұрлым пайдалы болатынын айтады. Бақылау және талдау барысында басты назарға мұғалімнің әрекеті емес, оқушыларды оқыту процесі алынатыны мұғалімдердің осы үрдісті пайдалануларына үлкен түрткі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет