Студент:Құрманбек Сандуғаш Тобы:Қт-ж-18к «Ақылдың алты ойлау қалпағы»



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі283,96 Kb.
#84061
  1   2   3   4   5
Байланысты:
адистеме
адистеме, адистеме



Студент:Құрманбек Сандуғаш
Тобы:ҚТ-Ж-18к



  • «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.

  • «Сұраққа жетіп ал» әдісі Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді

  • «Галереяны шарлау» әдісі Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

  • «Биопоэма» әдісі А-4 парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке өзі туралы маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқау, саралау, мәліметті толықтырады.

  • «Джигсо» әдісі Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

  • «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне түсіреді. Эссе жазар алдында міндетті түрде нақты критерийлер беріледі. Соңынан сол критерийге сәйкес екендігі туралы кері байланыс жасауға болады.

  • «Кинометафора» әдіс Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

  • «Ойлан, тап!» кейіпкерлерді, болған оқиғаларды табу



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет