Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк



бет8/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ
Ахмет Айтолкын СРС 2ФГМ
Кезең ..........
(шамамен жұмсалатын уақыт)







Кезең ..........
(шамамен жұмсалатын уақыт)







Қорытынды кезең ..........
(шамамен жұмсалатын уақыт)







Оқушылар нені істей алды? (Олар қандай нәтижелерге жетті және оның қандай дәлелдері бар?)









Алғашқы ойлар







Нұсқаулықтағы оқушылардан алынатын сұхбатқа арналған 2-кестенің үлгісі:



Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар

Саған сабақта бәрінен де не ұнады?

Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың?
Қаншалықты жақсы? т.б.

Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл
бөлігін өзгертер едің?





5. Бірінші Зерттеу сабағын өткізу.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар толық дайын болғаннан кейін, алдын-ала келісілген жоспар бойынша бірінші зерттеу сабағы өткізіледі. Зерттеу сабағына қатысатын барлық мұғалімдерге сабақ жоспарының көшірмесін берген дұрыс, себебі жалпы бақылау үшін қатысқан мұғалімдер сабақтың этаптарынан хабардар болуы керек. Келісім бойынша сабақты топ мүшелерінің бірі өткізеді, қалған мұғалімдер өздерінің бақылауға алынған оқушыларының білім алуын бақылайды. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бір фокусты үздіксіз, ұзақ уақыт бақылау мүмкін емес, ол жоғары нәтиже бермейді, бақылау уақыты аз болған сайын, нәтиже жоғары болады. Сондықтан бақылаушы мұғалімдер сабақтың зерттелетін әдістеме немесе стратегия қолданылып жатқан этапында А, В, С деңгейлі оқушыларды терең бақылап, қалған уақытта оқыту процесін, басқа оқушылардың оқуын бақылаған жөн. Ескеретін жағдай – оқушылар өздерінің бақылау нысанына алынғандарын білмегендері жөн, егер оқушы өзінің бақылау нысанында екенін сезсе, ол өзін еркін ұстай алмайды, соның салдарынан ол оқушыны бақылау барысында да шынайы дерек жинау мүмкіндігі азаяды. Нұсқаулықта: «Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп бағалауға ерекше назар аударыңыз. Сіз оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын қолдана аласыз. Топ мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырғаны өте маңызды», деп көрсетілген. Оқушыларды бақылайтын мұғалімдер сабақ барысында өздерінің бақылау траекториялары туралы ойланулары керек, олар бақылау барысында оқушыларға ешқандай кедергі, ыңғайсыздық тудырмағандары жөн. «Сабаққа шолу жасаған кезде Сіз оған қатысуыңыз қажет. Сіз студенттер қалай оқитынын бақылай аласыз. Бірақ егер олар сабақты түсінбей қалса немесе сабаққа назар аудармаса, Сіз оқушылармен әңгімелеспеуге тырысуыңыз керек. Оқушылармен әңгімелесу деген сөз Сіз сабақты бұзып жатырсыз. Сіз бақылауға назар аударуыңыз керек» (Т.Чичибу, Л. Ду Тоит, А.Тулепбаева, Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 17 бет, Астана, 2013ж).


Әдетте, сабақ жүргізу барысында оқушылардың қажеттіліктеріне, аудиторияның сабаққа дайындық деңгейлеріне т.с.с. жағдайларға байланысты сабақ жоспарынан ауытқушылықтар көп кездеседі. Ал, Зерттеу сабақтарын өткізу барысында ондай ауытқушылықтан аулақ болған жөн, себебі, біріншіден, бұл сабақтың жоспарын бірнеше кездесулердің нәтижесінде топ мүшелері бірлесіп жоспарлады, екіншіден, бақылаушылардың қолдарында сол сабақ жоспарының көшірмесі бар. Оқушыларды бақылау үшін сабақтың этаптарын алдын-ала біліп тұрған маңызды, егер сабақ барысында өзгерістер пайда болса, ол бақылаушы мұғалімдерге қолайсыздық туындатады. Сіз сабақ жүргізу барысында жоспардан ауытқуыңызға тура келетін жағдайда, сабақты талдау барысында өзгерісті не үшін жасағаныңызды негіздеме келтіре отырып, әріптестеріңізге түсіндіруіңіз керек.
Зерттеу сабақтарына мектептегі басқа әріптестерді шақыру олардың бақылау дағдыларын дамытуға ықпал етсе, бұл зерттеу тобы үшін әріптестерінен зерттеу сабағы үшін кері байланыс алуларына мүмкіндік береді.
Т.Чичибу өз таныстырылымында барлық оқушыларды бақылау үшін тұрып тұрған жөн екенін айтады. Тәжірибе көрсеткеніндей, зерттеу сабағына қатысқан барлық мұғалімдер үрдісті бақылау үшін тұрып тұрса, олардың оқушыларды бақылау жасау мақсатында сынып бөлмесінде қозғалыс жасауларына мүмкіндік болатынына, оқыту үрдісі жайлы барынша көбірек ақпарат жинайтындығына және бұл сынып оқушыларына ешқандай қолайсыздық тудырмайтынына көзіміз жетті.

Ал мұғалімдер зерттеу сабағын отырып бақыласа, олардың көру аумағында негізінен сабақты жүргізуші мұғалім тұрады, себебі, ол оқушылардан биік, ал оқушылардың негізінен арқа жақтары ғана көрінеді. Бұл жағдайда бұрынғы дәстүрлі ашық сабақ сияқты бақылау нысанында оқушылар емес, мұғалім тұрады. Сабақ жүргізіп тұрған мұғалім өзінің сырттай бақылауда екенін сезінеді, бұл зерттеудің еркін жүргізілуіне қолайсыздық туындатады деп ойлаймын.


Аудан орталығындағы бір мектепте Сабақты зерттеу үрдісі бойынша өткізілген оқыту семинарының тәжірибелік бөлімінде екі аудиторияда қатарынан екі зерттеу сабағы өткізілді. Бірінші аудиториядағы сабаққа қатысып, сабақ жүргізген мұғалім мен оқушыларға сабаққа қатысып тұрған мұғалімдер тарапынан қаншалықты ыңғайсыздық тудыратындарын бақыладым. Сабақтың алғашқы 5 минутында мұғалімнің аздап қысылыңқырағаны, сыныптағы 23 оқушының 7-8-інің ғана алаңдаушылық танытқаны байқалды. Ал 5 минуттан кейін мұғалім де, оқушылар да оқыту үрдісіне белсенді араласып, қатысушыларға ешбір мән бермеді. Сабаққа қатысушылар сынып бөлмесінде қозғалу арқылы оқушылардың жауаптарын тыңдау үшін оларға жақындауға мүмкіндік алды. Зерттеу сабағының соңындағы талдауда сабаққа қатысушылардың сабақ жүргізуші мұғалімнің әрекетіне қарағанда оқушылардың әрекетіне баса назар аударғаны анықталды.
Ал, келесі аудиторияда өткізілген зерттеу сабағы мен сабақтан кейінгі талдаудың бейнежазбасын Сабақты зерттеу тобының жетекшісімен бірлесе қарап, мынадай фактілерді анықтадық: зерттеу тобының бақылаушы мұғалімдерінен басқа сабаққа қатысқан мұғалімдердің 3-еуі ғана сабақтың басында тұрып бақылады, қалған мұғалімдер бірден артта тұрған орындықтарға жайғасты. Ешқайсысы сабақ барысында оқушыларға жақындап, олардың топ ішіндегі берген жауаптарын, өзіндік талдауға қатысуын тыңдаған жоқ. Сабақтың ортасына қарай Зерттеу тобындағы бақылаушы мұғалімдерден басқалары да бос орындықтарға отырып, бақылауларын жалғастырды. Сабақтың басынан аяғына дейін сабақты жүргізіп тұрған мұғалімнің жүзінде алаңдаушылық байқалады. Оқушылар сабақта өздерін еркін ұстап, белсенділік танытып отыр. Сабақтан кейінгі талдау барысында қатысушы мұғалімдер дәстүрлі талдау стилін ұстанып, «Мұғалімнің жетістіктері», «оқушылардың жетістіктері», «мұғалім тарапынан жақсырақ жасауға болатын тұстар», «оқушы тарапынан жақсырақ жасауға болатын тұстар» талдау кестесінің мұғалімге қатысты тұстарына басымдық бергені, оқушыларға қатысты бөлімдеріне көп көңіл бөле қоймағандары байқалды. Сабақты жүргізген мұғаліммен сұхбаттасқанымда, ол шынымен-ақ сыныптың артында отырған мұғалімдердің өзін бақылауда ұстағандарын сезінгендіктен, өзінің қысылғанын айтып, ағынан жарылды. Бұдан, жоғарыда айтылғандай, Сабақты зерттеу үрдісінде зерттеу сабағын тұрып бақылау орынды екенін түйдім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет