Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк



бет12/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ

10. Сабақты зерттеу үрдісі негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау

Сабақты зерттеу тобы осы үрдіс бойынша бірнеше циклді өткізгеннен кейін, сол топтың ішіндегі озат және тәжірибелі мұғалімдерді Сабақты зерттеу үрдісі бойынша басқа мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында тарту керек. Ол мұғалімдер:


Сабақты зерттеу басталмастан бұрын мектепте басқа мұғалімдерге әдістемені көрсете алады;
Сабақты зерттеу үдерісін жоспарлау және оған өз ойлары мен ұсыныстарын енгізу барысында Сабақты зерттеу тобына қосыла алады;
Сабақты зерттеу тобымен бірлесіп, олар дайындаған Зерттеу сабағын талқылап, педагогикалық әдісті әзірлеу тәсілдері туралы ұсыныс енгізе алады.
 Тиісті құзыр берілген бақылаушы ретінде Сабақты зерттеу және оқушылар пікіртеріміне қатысып, сабақ қорытындыларын талқылауға атсалыса алады (Пит Дадли, 2011ж).
Қорытынды

XXI ғасырда мұғалімдерден талап етілетін білім-білік дағдыларын ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы мынадай қорытындылар арқылы ұсынады:



  • Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады...» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 1(ілгері) деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана қ. 2013ж).

Шынында да, Сабақты зерттеу үрдісі нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім алудың мектеп мұғалімдері үшін тиімді тәсілі болып табылатынын айтуға болады.
Сонымен, Сабақты зерттеу – бұл мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал етеді деген қорытындыға келуге болады. Себебі, Сабақты зерттеу тобының мүшелері зерттеу сабағының жоспарын құру үшін келісілген бірнеше кездесулер аралығында зерттелетін әдістеме туралы ғаламтор желісінен ақпараттар іздейді, тәжірибелі әріптестерімен пікірлеседі, яғни шығармашылық ізденісте болады. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің әдістемелік білімдерінің артуына көмектеседі. Зерттеу сабағының жоспарын талқылау барысында мұғалімдер сабақты жоспарлаудың жақсы үлгісін үйренеді. Бұндай тұжырым жасауға Сабақты зерттеу топтарының алғашқы сабақтарының жоспары мен жетілдірілген жоспарларын салыстыру барысындағы мұғалімдердің жоспарлау бойынша білімдерінің молайғаны туралы пікірлері түрткі болды. Жасыратыны жоқ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпыға бірдей білім беретін мектеп мұғалімдерінің басым көпшілігі сабақ жоспарын құруда көптеген кемшіліктер жібереді, соның бастысы – SMART талапқа сай сабақты құрылымдай алмайды. Осы проблеманы шешудің бір жолы ретінде мұғалімнің Сабақты зерттеу үрдісіне қатысуы деп ойлаймын.
Мұғалімдерді оқыту мен тәжірибелерін дамытудағы ынтымақтастыққа негізделген бұл тәсіл – оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс жасап, тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушылардың оқуы жайлы деректер жинауға, жеке педагогтің өзі жинақтаған білімі мен біліктілігін өз әріптестерімен бөлісуіне, демократиялық жолмен тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл үрдіс мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын құруға және мұғалімдерге оқушылардың қалай оқып жатқанына назар аударуына көмектеседі. Жоғарыда айтылған 2 сынып мұғалімдерінен құрылған Сабақты зерттеу тобымен жүргізген кәсіби әңгіме барысында бір мұғалімнің: «Сабақты зерттеу үрдісіне қатысу арқылы біздің арамызда өте жылы қарым-қатынас орнады, бір-бірімізге туыстан да жақын болып бара жатқан сияқтымыз, әріптестерімізді қабағынан түсініп, көмектесуге, өз білетінімізді басқаларға үйретуге әзір тұрамыз» деген ойы осының дәлелі.
Әдістемелік нұсқаулықта берілген ұсыныстар іс-тәжірибеде сертификатталған мұғалімдердің жүргізген Сабақты зерттеу үдерістеріне басшылық жасау және бақылау барысында кездескен кедергілер мен кемшіліктердің шешімдері негізінде, Сабақты зерттеу үрдісін мектеп тәжірибесіне енгізуге бағытталған теориялық және тәжірибелік бөлімдердің бірнеше циклдерінен тұратын оқыту семинарларының қорытындысы негізінде жазылды. Нұсқаулықты жазуда Жапонияның Токио қаласына жапон мектептеріндегі қолданыстағы Сабақты зерттеу үрдісі бойынша тәжірибе алмасу мақсатындағы іссапарда жинақталған Сабақты зерттеудің бірінші түрі - мектеп мәдениетін дамытуға бағытталған 20-ға жуық зерттеу сабақтарының жүргізілу барысын бақылау мен сабақты талдау бойынша ұжымдық талқылау нәтижелері қазақстандық мектептердегі жағдайға икемделіп пайдаланылды.
Қолданылған әдебиеттер:



  1. Бизяева А.А. Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия - Псков: ПГПИ им.С.М.Кирова, 2004г.

  2. Дадли Пит. «Сабақты зерттеу: нұсқаулық», www.lessonstudy.co.uk , 2011ж.

  3. Сулейменова С. К. «Cабақты зерттеу». Архив конкурсов lecture/view/10467

  4. Чичибу Т. Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық: ағылш./Т. Чичибу (Жапония), Л. Ду Тоит (Оңтүстік Африка), А.Тулепбаева (Қазақстан Республикасы).- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2013.

  5. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 1(ілгері) деңгей, 2(негізгі) деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана қ. 2013ж

  6. https://kk.wikipedia.org/wiki

  7. www.cpm.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет